ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ
КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ
Мұхамедрахим Қыдырбайұлы,
профессор. «Qazaq Folk Academy» қорының Президенті, Әлия Ескермесқызы,
география ғылымдарының кандидаты, доцент «Тұран-Астана» университеті «Туризм
және сервис» кафедрасының меңгерушісі, kursabaev@yahoo.com
Қазақ Хандығының құрылғанына
550 жыл толған Ұлы мерейтой жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай
Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы «Ұлы Дала Елі» деп тануы тиіс деп атап өтті.
Тарих қойнауына үңілсек, ерте
уақытта, әсіресе Парсы империясы, Ұлы Араб Халифаты, Рим империясы және оның мұрагері Византия
дәуірлерінде тарихи, мәдени, саяси һәм діни маңызы бар мемлекеттік ақпараттарды
жан-жаққа таратуда «Жібек Патшалығы» (Қытай), «Пілдер Патшалығы» (Үндістан)
және «Сәйгүліктер патшалығы» мәртебесі болғаны белгілі [1,67].
Адамзат тарихнамасы бойынша
зерделесек, алғашқы адамдар легі (мысал ретінде экваторлық белдеудегі) өздері
тіршілік еткен ортаны ұзақ уақыт мекен ете отырып, қажет жағдайда беймағлұм
аймақтарға қоныс аудару үшін «геоэкспанция» жасап отырды[2]. Олардың мұндай
әрекеттерге баруы ру-тайпа мүшелері санының өсуі және қорек көздерінің
жетіспеушілігі түрті болды деуге негіз бар[3].
Ежелгі заманнан бері миллиондаған жылдар тізбегінде адамзат перзенті
орман мен сайларды, тау үңгірлері мен ағаш үйінділерін паналады. Мұндай
табиғаттың қатал күштері мен жаратылыстың сұрапыл құбылыстарын тану мен одан
қорғану барысында тас үңгірлер алғашқы пана бола алды. Найзағай отын шебер
пайдалана білген алғашқы адамдар, ағаш жағу арқылы тек ас дайындау ғана емес,
сонымен өздері мекендеген тас үңгір ішін жылыта алды. Олар Жаратқан Иенің
мұндай сыйы мен құдыретіне таңданған көріністерін тас бетіне салған суреттері
мен тас құралдары арқылы білдіруге тырысты. Ер адамдар болса, аң аулап, әйелдер
ас әзірлеп бала бақты, мал терісін тазалап оны тұрмысқа икемдеді.
Уақыт өте келе тас үңгір
айналасындағы ит-құс пен жабайы жеміс-жидектер қоры азайды. Оның үстіне адамдар
тобыры күн санап молая түсті. Күнкөріс қамының қиындай түскенін сезген тайпа
көсемдері бірнеше тобырға бөлініп, жан-жаққа жер аудару қажеттігін түсінді.
Тайпаның бір тобы орманды алқапқа кетсе, келесі тобы өзен-көл мен шалғынды
мамыржайға тап болды. Ауа райының жылы мезгілінде адамдар тобырының үдере қоныс
аударуы қорек көзі мен шалғынды аймақтың тұрмыс-тіршілікке анағұрлым жайлы
болғандғынан байқалмады. Ата мекенінен едәуір ұзап, жайлы жатын, шұрайлы
шалғындық пен ит-құсы мен балығы мол алқапқа үйреніп қалған олар артқа қайтуға
зауқы соқпады.
Күннің күрт суытуы адамдардың
орманды-дала зонасынан суықтан қорғануына барынша мұмкін болатын пана
мекендерді іздестіруіне ұйытқы болды. Осылайша, алғаш рет адамдар тас үңгірден
тыс дала жағдайында өмір сүруге дағдылана бастады. Алғашында олар өздері
аулаған жабай мамонттар мен бұғылардың терісін жамылып, піл сүйегін «күркей»
ретінде пана етті. Олар жерге тік шаншылған сүйектерді айқастыра жас шыбықтың
қабығымен орап, оның сыртына мал терісін айқара жапты. Бірте-бірте жер-ошақ
пайда болған соң, ошақ сыртын ұзын қарағай сырықтарымен айқара бақандап,
қадалған ағаштардың бір ұшын байлап, екіншісін жерге қазық ретінде шаншып
қапталдады. Кейін ошақ орнын жерге дөңгелене қазылған«жертөленің» ортасына орналастырып,
топырақ бетін құрғақ шөптер мен бұта-жапырақтармен жапты. Жертөле айналасына
9-15 ұзын сырықтан тұратын қарағай немесе үйеңкі ағаштарын топырақ бетіне қазық
ретінде орналастырып, сыртын мал терісімен қаптады.
Аталмыш үрдістің Жер шарының экваторлық
белдеуіне жақын орналасқан аймақтарда ұзақ уақыт бір қалыпта дамып, қалыптасып
келген дәуірін шартты түрде «First Human Tropical dwelling» (тропикалық
аймақтағы алғашқы адамдардың қонысы) деген тұжырымды одан ары нығайта түсу
керек деп есептейміз[4].
Рулық қауымдастықтың қарқынды
дамуы қоныс аудар тенденциясын одан ары жеделдетті. Аталмыш үрдіс адамдардың
өмір тіршілігіне тәуелді жайлы қорек көздерін қамтамасыз ететін табиғи ортаны
іздестіру қамына айналды. Оның басты мәселесі – жылқы малы еді. Ежелгі
адамдардың жылқы малын (басқа да жануарлар) алдап қолға түсіру үшін терең ор
қазып, нәтижесінде үркіген үйірлердің бас сауғалай келе, қазылған шұңқырға
құлауы арқылы көп мөлшерде опат болуы жануарлар бойында табиғи инстинкттен
туындаған «қорғаныс иммуниетін» қалыптастырды. Соның нәтижесінде, жабайы
жылқылар үйірі бір мезгілде солтүстікке қарай үдере көшті. Жылқы көші олардың
артынан басқа жабайы аңдар мен жануарлардың қоса көшуіне ұйытқы болды. Бұл
кезең 1,5 млн жыл бұрын басталды.
Асау жылқылар солтүстіктің
қатал табиғаты мен құрғақ (аридті) жазирасына жылдам бейімделіп кетті. Ежелгі
адамдардың басқа жануарлардан гөрі, жылқы малына деген ерекше назары,
сәйгүліктің бойындағы көп қасиеттеріне (тазалығы, жылдамдығы, төзімділігі,
күштілігі және сұлулығы) байланысты
болғаны шындық. Жылқыны қолға үйрету ұзақ уақытты қамтыды. Үйір соңынан ерген
ежелгі адамдар олардың соңынан ере отырып, жануардың психологиялық
ерекшеліктеріне қанық болды, ең негізгісі үйірге жақын орналасқан бүгінгі киіз
үйдің алғашқы нұсқасы болып табылатын «жылқышы үйінің» (Horsemens dwelling)
пайда болуына тарихи-мәдени һәм діни-философиялық маңызын тигізді. Осылайша
солтүстіктің табиғатына барынша адаптацияланған Арктикалық қоныс (Arctical
dwelling) пайда болғанын әлемдік деңгейдегі сенсациялық ғылыми жаңалық ретінде
қабылдауға болады. Халқымызда «Атың болса жортып жүріп жер таны, асың болса
беріп жүріп ел таны» деген мақал тегін айтылмаса керек. Демек, Арктикалық
аймақтарды (Еуразия даласы) иеленуде мыңдаған жылдар бойы «геоэкспанция»
жасаған көне ата-бабаларымызды Ұлы даланың тұңғыш туристері депатауымызға
болады.
Археолог Жакен Таймағамбетовтың айтуынша
бұдан 25 мың жыл бұрын Ертіс өзенінің жағасында (Шүлбі қонысы) алғашқы адамдар
қазіргі Сібір көшпенділері мен Канада эскимостары күркелеріне ұқсас (Чумм, Типпи – Chumm, Tippi) ежелгі
қоныс орнының табылғаны – қазақ даласының әлем номадтары жұртордалары (киіз
үйлері) отаны һәм атажұрты екенін дәлелдейді[5].
Ботай қонысы (Солтүстік Қазақстан
және Ақмола облыстары) маңында энеолит дәуірінде (5-5,5
мың жыл) ғұмыр кешкен адамдар тұрмыс-тіршіліктері әлемде тұңғыш рет жылқыны
қолға үйретіп, өз кезегінде қымызды ашыту технологиясы мен тұрақордаларын
иеленгенін дәлелдеп отыр. Аталмыш сала бойынша зерттеу жүргізген отандық және шетел
ғаламдарының тұжырымдары мен ғылыми қағидалары жалпы әлем көшпенділері
«күркейлерінің» даму эволюциясын
қалыптастырды деуге болады.
Ботай мәдениеті көшпелі
тұрмыстың классикалық үлгісін қалыптастырып шаруашылық әрекет пен экономикалық
қарым-қатынастың адам мен табиғаи арасындағы шынайы гамониялық сипатта
өрбігенін көрсетті. Бұл жөнінде біздер арнайы тақырып ретінде тоқталып, аталмыш
құбылыстардың өміршеңдігі мен қоғамдық қажеттіліне баға беруге талпынбақпыз.
Қазақстан, Орта Азия және Еуразия даласына ежелден белгілі болған көшпенділер
тұрақордасы эволюциясы өз ретінде тарих, этнология, этнография, тарихи
география және археология ғылыми-зерттеу саласы мамандарының еншісі екенін атай
отыра, қол жеткізілген мұралар мен құнды заттарға негізделе отырып, көшпенділер
(номадтар) тұрақордасы, яғни бүгінгі «киіз үй», «nomads yurt», «юрта» және
басқа халық қазынасын ғаламдық деңгейдегі туризм объектісі екенін айқындау,
оның рекреациялық мүмкіндіктерін қоғам мен ұрпақ игілігіне айналдыру болып
табылады [6],[7],[8].
Шүлбі қонысында кіндігі кесілген
байырғы жұрторданың тым қарапайым болуы көшіп-қону барысында ыңғайлы
болғандығынан деуімізге негіз бар. Тау-тас үңгірлерінен алшақтауға мәжбүр
болған көне далалықтар шөл мен шөлейт һәм орманды-далалаы алқаптарда
жүріп-тұруға өте-мөте ыңғайлы жұртошақты (күркей, лашық, жертөле, абылайша,
чумм, типпи) кәдеге жаратуы бекер емес. Оны қажет жағдайда паналау, құрастыру
табиғи ортаның қай нүктесінде болмасын ұзақ уақыт дайындықты қажет етпейтін
шаруа екенін ескерген жөн. Аталмыш кезең 25-6 мың жылдар арасын қамтып, сайын
даладағы тұрмыс-тіршіліктің қайнарына айналды.
Шүлбі мен Ботай мәдениеті
арасын жалғаған жұртошақ пен жұрторда эволюциясы адамзат тарихы мен мәдени
мұрасының ажырамас қазынасына айналып, қоғамдық формацияның барлық заңдылықтары
мен қағидаларын бойына сіңірді.
Ботай мәдениеті тұсында әлемде
тұңғыш рет жабайы жылқыларды қолға үйреткен ботайлықтардың «ерлігі» өздері
мекен еткен аймақтағы жан-жануарлардың азық қорегі тұрғысынан күрт азайып кетуі
немесе табиғат құбылыстары мен катаклизмдері әсерінен басқа территорияға жер
ауып (миграциялануы) кетуі салдарынан болуы мүмкін. Уақыт өте келе жабайы
жануарларды қолға үйрету тенденциясының тым қарқынды көрініс табуы – азық-түлік
қорегінің жетіспеушілігінен екені дау тудырмайды. Малдың қолға үйретілуі оның
өсуі мен күрт төмендеу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Ал, мал
өсімі мен өнімінің тұрмыс-тіршілікте маңызды орын алғаны өз алдына жеке мәселе.
Ендігі кезекте жұрторда өзінің
жұртошақтық дәрежесінен заманның ағымына қарай едәуір өзгеріске ұшырап, далалық
номадтардың сән-салтанаты мен салт-дәстүрлеріне қарай икемделіп, барынша
күрделене түсті. Оның сайран құрған салтанатты кезеңін сақтар мен ғұндардың һәм
көнетүркі тайпаларының «Алтын дәуірі» деп бағаласақ жаңылмаймыз.
Қазақ халқының ою-өрнегі тек
ішкі жандүние иірімдерінен ғана бастау алмай, қоршаған орта мен аспан денелері
арасындағы байланыс пен табиғат факторларымен тығыз байланыста ұзақ ғасырлар
дамып келеді. Ою-өрнектің геоморфты, фитоморфты, орнитоморфты, зооморфты,
ихтиоморфты, петроморфты т.б тылсым табиғат құбылыстары мен
геологиялық-петроглифтік ескерткіштер әлемімен тоғысуы ғажап дүние. Атап
айтқанда, халықтың қолөнер және зергерлік бұйымдар туындыларында «архар-мүйіз»,
«аққу қанаты», «өсімдік әлемі» және «төрт құбыла» жанрларының көптен кездесуі
кездейсоқ дүние деп айта алмайсың.
Қазақстанның таулы
аймақтарында, мәселен күні бүгінге дейін Ұлттық Археологиялық картаға ілікпеген
«Таскескен петроглифтері» таңбаларында таутеке, архар, түйеғ салтатты тас
суреттердің 3мың жыл бұрын қашалып, бейнеленген себептерінің бірі «аштықта
қорек болған», «суықта пана болған», «кисе киім, жесе тамақ болған» жан-жануар
әлеміне деген алғашқы адамдардың ерекше сезімдерінен туындаған
мифологиялық-философиялық ой-танымдары десек қателеспейтін шығармыз.
Қоршаған ортадағы жердің географиялық орны мен рельефі көшпенділер өмірі
һәм тұрмысына айтарлықтай ықпал етеді. Одан киіз үйге ұқсайтын ұсақ шоқылар мен
аласа төбелер тек тұрмыс-тіршілік қамы ғана емес, тұрақорда жұртын салу мен
құрастырудың негізгі элементі болуы мүмкін деген жорамал жасауға болады. Қалай
дегенмен, киіз үй конструкциясын жасамастан бұрын, ата-бабаларымыз ата жұрт тұрақордасының
киелі жер топырағы мен тау-тасы һәм өзен-көлі мен ит-құсы ерекшеліктеріне назар
аудара отырып игіліктенуді мақсұт еткені анық байқалады.
Ата жұрт тұрақордасының киіз үй
формасында көрініс табуы табиғи ортадағы рельеф, ландшафт және климаттық
ықпалдарға ұшырауы, өз кезегінде ата-баба философиясында ұлттық құндылық
ретінде бағалануы арқылы саналы тұрғыда қоғам мен халық игілігіне айналуы ғажап
құбылыс. Міне, осы әр адам терең бойлай
бермейтін аталмыш танымдық һәм тағылымдық үйлесімділік киіз үйдің тарихын
білуге құштар қонақтар мен ғалымдардың назарын өзіне аударғаны абзал. Мәселе,
табиғаттың сұрапыл құбылыстары немесе жал-жанды сақтауға арналған күйбің
тіршілік пен қызығынан қиыны көп тұрмыс-салттың жетегіне бой ұсынған Ұлы дала
перзентінің бір ғана бағытта ғұмыр кешті
деп қалай айтуға болады? Жоғарыда профессор Виктор Зайберт реконструкциясы
бойынша жасалған Ботай қонысындағы алғашқы адамдардың «жұрт панасы» мына
суретте бейнеленгендей ғажап бір ұқсастық пен тылсым үйлесімділікті паш етіп тұр.
Ботайлықтар дүние жүзінде жылқыны
қолға үйретіп, қымызды ашыту технологиясын жасай отыра, ендігі жерде олар
әлемде тұңғыш рет Ұлы Дала кеңістігіне сай келетін көшпенділер тұрақордасының
тұңғыш архитектуралық моделін жасады деуге негіз бар. Мұны ғылыми жаңалық деп бағалауға болады.
Киіз үй Ассоциациясының жарқын
үлгісінің бірі түйе өркешінің ата-бабалар тұрақордаларына ұқсастығы. Мұндай
ғажап құбылыстар мен теңеулер қонақтар мен туристердің аса қызыға назар
аударатын маршрут нұсқаулары мен ақпарат құралына айнадуы керек. Бұл жөнінде
біз жоғарыда киіз үйді тамашалауға келген қонақтарды түйенің үстіне отырғызып
алып келу дәстүрінде толық сипаттама бердік. Осы бағытта туристерге ұлттық
тағам түрлері, зергерлік бұйымдар, кілем мен текемет тарихы, жауынгерлік
дәстүр, қыран бүркітті баулу, дастархан мәзірі ұлттық киім үлгілері, аңшылық
һәм саятшылық дәстүрлері қоса насихаттаған жөн.
Еуразия құрлығының апайтөс
даласын сан ғасырлар бойы атамекені санаған көшпенді-номадтардың соңғы ұрпағы,
бүгінде әлемдегі өркениттті мемлекеттермен терезесі тең тәуелсіз мемлекеттті
құраушы қазақ жерінде 2017 жылы Бүкіләлемдік «ЕХРО 2017 Astana» бүкіләлемдік
көрмесінің өткізілуі ХХІ ғасырдың басындағы адамзат жамиғатындағы аса ерекше
оқиғалардың бірі болып қалары анық.
Өткен ғасырлар қойнауында
(1465-1821) Қазақ Хандығы (Kazakh Khatate, Kazakhya) деген атаумен әлемге
мәшһүр болған еліміз 1991 жылы қайтадан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына
20 жылдан асты. Бүгінгі Қазақстан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен заман
талаптарына сай, ұтымды да қарқынды һәм мақсатты да парасатты жаңаша даму жолын
ұстануда. Оған еліміздегі болып жатқан ауқымды реформалар мен серпінді
бетбұрыстар, инновациялық серпілістер мен ғылыми-техникалық модернизацияландыру
жетістіктерін атап өтуге болады. Жалпы Ұлттық туризм жүйесінің қалануына тарихи
маңызын тигізген айтулы оқиға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Испанияға сапары
барысында UNWTO-ның штаб-квартирасына бет бұруы (2000) болды. Аталмыш ірі
өзгерістер мен динамикалық қарқынды дамуымыздың бір келбеті туризм индустриясы
болып табылады. Астананың бельгиялық Льеж шаһарынан (Халықаралық Көрме
бюросының 152-Ассамблеясы) басым түсуі бекер емес. Атап айтқанда, соңғы 5-10
жыл ішіндегі Қазақ Елінің әлемдік деңгейдегі позитивті көрсеткіштері мен айтулы
жетістіктері (Олимпиада ойындарындағы ірі жетістіктер, Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы (OSSE), Ислам конференциясы ұйымы (OIC), Бүкіләлемдік
туристік ұйымға мүшелікке қабылдану UNWTO, 45 Еуропалық Кеңес отырысының
Алматыда өтуі, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындардың
ашылуы, Қазақстан-2050 Стратегиялық бағдарламасының қабылдануы, Қазақстан
аймағында халықаралық стандарт негізінде 5 туристік кластер орталығын салу
Жүйелілік жоспарының игіліктенуі т.б) ел болашағының заңғар биіктерге самғауына
ұйытқы болуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған
Жолдауындағы (2014) «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік ел» Ұлттық
идеясы іргетасының қалануы – Қазақ Елінің планетарлық масштабта қарыштап
дамуына жол сілтейтін даңғыл арна болары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпараттық ресурстар
1.Қазақстан
тарихы. 1 том. Алматы, «Атамұра» баспасы, 1998
2. Соколова В.М.
История туризма. М: «Мастерство», С_3527, 2002. http://www.gumer.info/Travel/sokol/index.php
3.Курсабаев М.К., Мазбаев О.Б., Аяпбекова А.Е., Баймолдаева А.Т., Айтжанова
А.Е. Музей истории номадов мира – объект международного туризма и краеведения. Материалы
Международной научно-практической конференции «Тенденции, проблемы, преспективы
идустриально-инновационного и устойчивого развития туризма», Астана, 26
сентября 2013 года. С.: 42-48
4. Muhamedrahim Kursabaev, Serik
Isabekov, Alyia Ayapbekova, Beisenbek Temirzhanov, Geoarchaeological and tourist heritage dwellings (yurts) nomads
and indigenous ethnic groups in the world, University of Turan-Astana,
Kazakhstan.The
Online journal tangible and intangible culture. http://mykursabaev.blogspot.com
5. Kursabaev M, Auapbekova A,
Mazbaev OThe ancient history of Kazakh-Nomads yurt.
6.The exploitation of horses at Botai,
Kazakhstan". In Levine, Marsha; Renfrew, Colin; Boyle, Katie. Prehistoric
Steppe Adaptation and the Horse. Cambridge: McDonald Institute. pp. 83–104.
ISBN 1-902937-09-0.
7.Bendry, Robin (2007). "New methods for the identification of evidence
for bitting on horse remains from archaeological sites". Journal of
Archaeological Science 34 (7): 1036–1050.
8.The Earliest Horse Harnessing and Milking. Alan K. Outram,Natalie A.
Stear,Robin Bendrey,Sandra Olsen,Alexei Kasparov,Victor Zaibert, Nick Thorpe,
Richard P. Evershed. http://www.reading.ac.uk/archaeology/about/staff/r-bendrey.aspx
9. Всеобщая история архитектуры, Том 1. Москва, 1973 год.
с.17-36
10. http://www.lah.ru/text/yanovich/g13.htm.
В.Янович.Аборигены Европы
11. http://edapskov.narod.ru/arh/arh9.htm.
Доисторические жилища.
12.Shelter By Lloyd Kahn. Shelter Publications, Inc., May 1, 2000.
13.American Shelter: An Illustrated Encyclopedia of the American Home By
Les
15.Evans, Robin “Translations from Drawing to Building: Figures, Doors and
Passages” London: Architectural Associations Publications 2005
16.Summerson, John “The Book Of Architecture of John Thorpe in Sit John
Soan's museum: 40th Volume of the Walpole Society” England: The Society 1964
17. Evolution of the ger © Paul King 2001. http://www.woodlandyurts.co.uk/Yurt_Facts/YurtFacts.html
18. Курсабаев М.К., Аяпбекова А.Е., Габдуллина М.Х. Индустрия туризма:
поиск, мотивации, проблемы. Сборник материалов Международной
научно-практической конференции «Валихановские чтения-17». – Кокшетау, 24-26
апреля 2013., 220 стр., Т.10, С.:
165-169.
19. Курсабаев М.К, Джапарова Г.А, Шайжанов М.К, Исабаеков С.Б, Аяпбекова
А.Е, Мазбаев О.Б и др.
Геоархеологический и туристический потенциал конструкции древних жилищ (юрты)
номадов и коренных этносов мира. Сб.материалов международной
научно-практической конференции «Қазақстантану-9».- Астана, 13-14 ноября 2014.
20. Native American- Turanian Brotherhood: FIRST NATIONS First. https://www.facebook.com/pages/Native-American-Turanian-Brotherhood-FIRST-NATIONS-First/254587994552741?fref=photo
21. Rubtcova E.http://www.newworldencyclopedia.org/entry/Yurt