среда, 10 октября 2018 г.

Қыдырбайұлы М, Мұсахан А, т.б МАРС ПЛАНЕТАСЫН КОЛОНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІСІ


МАРС ПЛАНЕТАСЫН КОЛОНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ  МОНИТОРИНГІСІ

Қыдырбайұлы М, Мұсахан А, Қанатова Б, Беишев А, Талғатқызы Г.



 МАЗМҰНЫ



МАРС ПЛАНЕТАСЫН КОЛОНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ  МОНИТОРИНГІСІ

КІРІСПЕ

1-тарау
МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

Марс планетасы туралы жалпы түсінік
Марс туралы зерттеулер
Марс – біздің ортақ үйіміз

2-тарау
МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Марс Планетасы – адамдар мекені 
Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі
Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде  «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

  
«Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты (авторлары Мұсахан А, Қанатова Б, Беишев А, ғылыми жетекшілері Құрсабаев М.Қ, Сапарова А.Қ)  ғылыми-зерттеу жұмысына арналған


РЕЦЕНЗИЯ

     Космос тақырыбы – соңғы жылдары тек біздің еліміз ғана емес, сонымен қатар ғаламдық деңгейге көтерілген ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстандағы «Байқоңыр» космодромы осы айтылған мәселелерге қатысы бар және аталмыш зерттеушілер көтеріп отырған кешенді жұмыстардың іске асырылуына бірден-бір себепкер болатын мекен екені шындық.
     Тақырыптың Марс Планетасы және оның төңірегіндегі ауқымды ғылыми-техникалық, инженерлік-конструкциялық, технологиялық және инновациялық проблемаларды терең зерделей отыра, осы саладағы әлемдік жетістіктерді саралай отыра авторлар тарапынан қарастырылуы – бүгінгі таңдағы тың мәселелердің бірі екенін айғақтатып тұр.
     Авторлар, әсіресе 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсаханның идеясы негізінде бастау алған «Марс колонизациялаудың Қазақстандық моделі» атты аса күрделі тақырып туралы батыл жорамал жасап, ол туралы мол ақпараттарға сындарлы талдау жасап, өз ретінде жеке көзқарастары тарапынан қарапайым идеядан конструкциялық жобаға дейін көтеруге бағытталған әрекеттерін ғылыми феномен ретінде бағалауға болады.
     Зерттеу жұмысы 2 тараудан тұрады. Әр тараудағы тақырыптар көтеріліп отырған мәселенің мазмұнын жан-жақты ашып, өздері қол жеткізген жетекші тұжырымдар мен ғылыми анықтамалар арқылы пысықталып, қосымша материалдар арқылы өрнектеліп, осы сала мамандары назарын өзіне аударатындай түрде бейнеленген. Атап айтқанда, зерттеушілердің ғарыш техникасы мен инженерлік-конструкторлық құралдар мен құрылғылар туралы сипаттама бере келе, екі жылға жуық жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын авторлық сипаттағы эскиздер мен ғылыми гипотезалық тұжырымдарының ұсынылуы құптарлық іс.
     Жұмысты интерпретациялауда бірқатар стилистикалық қатерлердің болуы – еңбектің құндылығына нұқсан келтіріп тұрған жоқ.
     Қорыта келгенде, аталмыш материалды ғылыми жобалар сайысына жіберуге болады деген пікірімді білдіремін.
    
Рецензент:«Тұран-Астана» университетінің
доценті, тахника ғылымдарының кандидаты:                            Балтабаев М.С



КІРІСПЕ

     Бүгінгі таңда Марс Планетасын зерттеу һәм игеру ісі - әлемдік деңгейдегі мәселеге айналып, аталмыш жобаға қатысы бар көптеген мемлекеттердің назарын аударып отыр. Марс жобасы туралы әлемдегі космостық державалар: Ресей Федерациясы (бұрынғы СССР мұрагері), Америка Құрама Штаты, Еуропалық космос Агенттігі, Жапония, Қытай және 30-дан аса мемлекеттер ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын алға тартуда.
     Ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары арқылы Марс және басқа космостық бағдарламалар жөніндегі мағлұматтарға жасаған талдау бойынша аталған тізімге Қазақстан да еніп отыр.
     Марс туралы бұдан 3,5 мың жыл бұрын көне Египет пен Вавилон жеріндегі алғашқы аспан мен жұлдызды зерттеушілер (жұлдызшылыр, астрологтар т.б) көп жылдық бақылау мен математикалық есептеу арқылы адамзат өркениетінде тұңғыш рет «геоцентристік» идеяны ұсынды. Бертін келе ол идея Грекия, Үнді, Қытай және Орта Азия елдеріне тарап, көптеген әлемге әйгілі ғалымдардың пайда болуына зор ықпалын тигізді. Геоцентризм идеясы жөнінде көнегрек ғалымдары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Парменид, Птоломей мол еңбектер жазды.
     Ғалымдар көшінде Қытай, Үнді елдерімен қатар Орта және Алдыңғы Азиядағы мұсылман ғұламалары Масуд Аль-Бируни, Насир Ад-дин ат-Тутси, Джабир ибн Афлах,  Ибн Рушд Аверроэс, Мухаммад ибн Баджа, Джамшид Гияс ад-Дин ал-Каши  сынды ғалымдар да ат салысты.
     Марс жобасы бойынша орасан еңбек 1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан іске асырылды. Ұзақ жылдарға дейін ол жоба аса құпия жағдайда сақталып кейін «Царь Ракета» (Н-1) деген атаумен көпшілікке белгі болды.
     Космос жобасы, оның ішінде Марс Планетасын колонизациялау Америка Құрама Штатында 1915 жылы жолға қойылды. Ол DARPA стратегиялық бағдарламасы бойынша көп жылдан бері тұрақты, жүйелі, ауқымды һәм нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. 1961 жылы астронавтар  Алан Шепард пен Вирджил Грисс «Меркурий» жобасына қатысып, нәтижесінде Марс туралы мол мағлұматтар жинақталуына себепкер болды.
     2002 жылы жас ғалым Ilon Mack «SpaceX» жобасын қолға алып, Марсты колонизациялаудың ұтымды бағдарламасын ұсынды. 2006 жылы сәтсіздікке ұшыраған «Falcon» зымыраны 2018 жылдың сәуір айында космостық TESS телескопын аз шығын жұмсап ғарыш әлеміне сәтті аттандырды.
     Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi – 2007 жылдан бастап космос кеңістігін бейбітшілік жағдайында пайдалану барысында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Байқоңыр космодромы – әлемдік деңгейдегі аса ірі кешен болып табылады. «Қазақстан ғарыш сапары» Акционерлік қоғамы космос кеңістігін зерттеу және  тәжірибелік-конструкторлық  технологиялврды игеру мен пайдалануды жолға қоюда.
     Жоғарыда баяндалған аса ауқымды һәм күрделі мәселелерге жасаған талдауымыз Марс Планетасын зерттеу барысында қазақстандық модельдің жасалу стратегиясын айқындауға септігін тигізеді деген қорытынды жасаймыз. Әлемдік космостық державалар қатарында Қазақстанның жетекші орынға ұмтылуы – еліміздің осы сала бойынша соңғы жылдары атқарып келе жатқан жетістіктерінің мүмкіндіктерін шектеуге нұқсан келтірмейді.   
     Осы ретте, мемлекет тарапынан болашақта Марсты зерттеу мен игерудің қазақстандық моделін айқындау мен анықтау шараларын қолға алғаны абзал деп санаймыз. Әлемдік космостық дерважалармен қатар Қазақстандық «Марс жобасының» қолға алынуы – мемлекет саясатының өзекті арналарының біріне саналуы - болашақта аталмыш сала бойынша жаңа формациядағы білікті мамандардың дайындалуына, космостық-ғарыштық технологиялар бойынша сапалы өнімдерді таңдауға және дайындап шығаруға, сондай-ақ Марс ғарышкерлерінің сапалық дайындығы мен денсаулықтарының қалыпты жағдайда сақталуы сияқты ауқымды стратегиялық жоспарлардың ұрпақ игілігіне айналуына басты мұрындық болады деген сенімдеміз.
     Аталмыш игі шараға ат салысу мақсатында 2017 жылдың қыркүйек айында Астана қаласы, №76 мектеп-лицей шаңырағында «GEOMARS» оқушылар үйірмесі жұмысын бастады. Ондағы негізгі мақсат аталмыш сала бойынша әлемдік масштабта жинақталған мол тәжірибелерге талдай жасай отыра, қазақстандық модельді айқындау болып табылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
     - үйірме жұмысының ұзақ мерзімді жоспары жасалды;
     - отандық һәм шетелдік ақпарат құралдары мен ғарыш мәселесіне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары, инженерлік-конструкторлық, медициналық, техникалық, инновациялық саладағы әлемдік деңгейдегі жетістіктер туралы мағлұматтар сараланды;
     - Марс жобасына қатысты идеялар мен гипотезалар туралы ақпараттар бір жүйеге келтірілді;
     - аталған салаға қатысты библиографиялық еңбектердің каталогы жасалды.  
     Екі жылға жуық жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі көпшілік назарына ұсынылып отырған «Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты зерттеу жұмысымыздың тақырыбын айқындауға негіз болды.
     Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
     - Космостық һәм ғарыштық зерттеулер жөнінде мағлұматтар жинастыру;
     - Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу;
     - Әлемдік космостық державалардың стратегиялық жоспарлары мен ғылыми-техникалық жетістіктері туралы базалар қорын құрастыру;
     - Марс Планетасы туралы ақпарат жинақтау;
     -  Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделін жасау және игіліктену;
     - Марсты игеру жағдайындағы ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісін құрастыру;
     - Жер мен Марс арасындағы қашықтық, уақыт, физикалық, химиялық элементтер мен басқа дүниелер жөнінде толық ақпарат алмасу;
     - Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру идеясын орнықтыру;
     - Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия жобасын жасауға ат салысу;
- Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, NASA Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау;
     - Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау;
     - Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру;
     - Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену;
     - Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашудың маңызын айқындау;
     - Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуы мен жаңа мандардың келуіне түрткі болатынын дәлелдеу.
     Зерттеу кезеңдері:
     1-кезең (2016). Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты материалдарға талдау жүргізу:
     2-кезең (2017). Зерттеу тақырыбын айқындау. Зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын интерпретациялау.
     3-кезең. (2018). Ғылыми-зерттеу материалдарының толық сұлбасын қорытындылау. Қосымша мәліметтер мен басқа ресурстарды жүйеге келтіру.
Марс Планетасына қатысты ғылыми-техникалық ақпараттарға талдау жасалынып, нәтижесінде Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісінің баяндалуызерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылды.



1-тарау
МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

Марс планетасы туралы жалпы түсінік

     Марс жөнінде бүгінгі таңда көптеген материалдар жинақталған. Планета өз атауын көнегрек мифологиясындағы соғыс Патшасы Арестің құрметіне байланысты алған.



      1-сурет. Марстың космостан түсірілген суреті. https://en.wikipedia.org/wiki/Mars

     Ғалымдар зерттеулері мен аталмыш тақырыпқа қатысты материалдарға сүйене отырып біздер Марстың орналасуына байланысты Күннен ұзақтауына байланысты төртінші қатарда болса, көлемі жағынан Күн системасындағы жетінші планета екеніне көз жеткіздік. Марстың «Қызыл Планета» деп аталуы оның бетіндегі маггемит (темір оксиді) минералының көптігіне байланысты.
     Марсты – Жер Планетасының туысы деп атауға болады. Себебі оның бетінде аз мөлшердегі шашыраңқы сипаттағы атмосфераның болуы Жерге ұқсастығын айғақтайды. Оған дәлел ретінде Планета бетіндегі ауа қысымының Жермен салыстырғанда 160 есе кем екенін айтуға болады.
     Марстың рельефі де алуан түрлі. Кейде онда Ай Планетасы сияқты кратерлер көптеп кездеседі. Дегенмен, көптеген бөлігі, әсіресе жазықтар мен шөл аймақтар, вулкандық шоқылар, сондай-ақ полярлық мұздық қалқандар мен аласа таулы қыраттар Жер бетіне тым ұқсас келетіні – шынында ғажап ғарыштық құбылыс.
     Марс орбитасында айналып жүретін соғыс Құдайы Арестің екі баласы  Фобос (қорқыныш) пен Деймос (құбжық) деп аталатын қос спутник бар.
     Жер мен Марстың көлемін мына өлшем арқылы байқаймыз. Жердің радиусы 6371 км, марстың радиусы 3389 км.
     Жер мен Марстың арасы  55 млн км болып табылады. Жер мен «Қызыл Планетаның» мұндай қашықтық траекториясына дәл келуі екі планета орбиталарының «оппозиция» шеңбері нүктесіне сәйкес келгендігімен анықталады. Бұл құбылыс әр екі жыл сайын қайталанып отырады. Демек, ғалым-конструкторлар мен ғарыш техникасын сынақтан өткізуді жоспарлаған адамдар осы заңдылықты басты назарда ұстайды.
     Марсты жұлдызды аспан көгінде оңай тауып алуға болады. Алыстан қарағанда ол өте жарық сәуле шашып, қызыл түсті болып жарқырайды.
     Қазіргі таңдағы заманауи ракетаның жылдамдығы сағатына 20 000 км ұшатынын ескерсек, біз Марсқа тігінен ұшатын болсақ, онда 115 күнде оған жетуге болады. Өкінішке орай, Күн системасындағы Планеталардың өз орбитасы бойынша айналып жүретін заңдылығына сай, біздер Марсқа бірден ұшып барып қона алмаймыз. Осылайша, бізге шамаман 150-300 күнге жуық уақыт керек болады. Ракеталардың ұшуы оның салмағы мен жанармай қорына да байланысты.
     Марста магнит өрісі мүлдем жоқ деуге болады. Оның бетінде ерте уақытта магнит өрісі болғаны белгілі болды. Ғалымдардың болжауынша 4 миллиард бұрын Марстың қыртыстарында тектоникалық құбылыстардың салдарынан плиталар қозғалысы байқалған. Қазір оның орнынан магниттік полюс орналасқан. Магниттің өрістің болмауы «Қызыл Планета» бетінің Күн радтациясы  сәулесіне еш кедергісіз шағылысуына (астероидтардың емін-еркін соқтығысуына) мүмкіндік туғызып, топырақ бетін күйдіргені, ондағы өсімдік-топырақ жамылғысының жойылуына себебін тигізді. Сол себепті Күн радиациясының қыздыруы әрекеті Жерге қарағанда 2,5 есе жоғары. Мұндай аса зиянды радиациялық жағдай адамдардың Марста тіршілік етуіне зор нұқсанын келтіретіні сөзссіз.
     Жалпы магнит өрісінің пайда болуы Планета ядросындағы түрлі металдардың қатты температураның әсерінің ұдайы балқу үрдісін (динамо-эффект әрекеті) қалыптастыруы электр тоғын тудыртатыны белгілі.
     Марстың қызыл түсті болуы оның бетіндегі шаң сияқты болып шашырап жатқан темір тотығы қалдықтары болып табылады. Күн радиациясының кедергісіз түсуі  - сәулелердің белсендігін арттырып желдің пайда болуына ұйытқы болады. Желдің арқасында шаң-тозаң Марстың түгелге дерлік бетін жауып қызыл спектрлігі топырақтың жарқылдауына себепкер болады. Сөйтіп, Күн радиациясы мен желдің күші Марс атмосферасындағы су молекулаларын құрғатып, жойып, темірдің тоттануына әсерін тигізеді.
      Марс жөніндегі әлемдегі ғылыми жаңалықтарға жұтшылықтың назар аудару барысында 1958 жылы Халықаралық астрономия Одағының Х Бас Ассамблеясында «Дүниежүзілік Планеталарды қорғау патрулі» атты ұйым құру жөнінде шешім қабылдайды. Өз қарамағында жеті ауқымды обсерваториясы бар Халықаралық Патрульдің басты миссиясы экватор бойына қатарласа орналасқан телескоптар арқылы Күн системасындағы барлық Планеталарды ұдайы бақылау болып табылды.


Марс туралы зерттеулер

     Вавилон, Грекия және Орта Азия ғалымдарының ғарыш кеңістігі туралы ілімдеріне талдау жасай отыра акқымды зерттеу жүргізген Николай Коперниктің (1473-1543) гелиоцентризм жөніндегі жаңалығы Күн системасындағы планеталарды кешенді зерттеуге мүмкіндік беретін тұңғыш ғылыми революция дәуірінің қалыптасуына ұйытқы болды. Жинақтаған ғылыми болжамдар мен тәжірибелер қайта зерделеніп, өз кезегінде Иоганн Кеплер (1571-1630) тарапынан автордың «Жаңа астрономия» жинағы арқылы жүйеленіп, қайта толықтырылды. Күн системасындағы планеталар шеруіне талдау жасай келе келе Кеплер Марстың өз орбитасында дөңгелек шеңбер емес, эллипс пішіні бойынша айналатыны жөнінде батыл болжам жасаған.
Иоганн Кеплердің мұндай ғылыми жетістіктерге қол жеткізуі оның ұстазы Тихо Брагенің (1546-1601) астрономия ғылымы саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты болды. Ол Еуропа аймағында дәлдік математикалық өлшем бірлігіне сай келетін тұңғыш астрономиялық бақылаулар жүргізіп, жинақтаған материалдарын бір жүйеге келтерген.
     Марс туралы алғаш рет ғылыми тұжырым жасаған ғалым Галилео Галилей болды. Ол 1610 жылы өзі жасаған телескоп арқылы Планета бетінің альбедо жарқылына тән ерекше жарық шығаратын құбылысты байқаған.
     Американдық ғалым Пе́рсивальЛо́уэлл (1855-1916) Марсты зерттеу барысында оның бетіндегі Аризона астероидын тапқан.
ХІХ ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар Марсты бақылайтын оптика мен телескоп құрылғыларының сапалы деңгейге көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде 1840 жылдары Марстың тұңғыш картасы жасалды.
     1920 жылдары Марс бетіндегі температуралық режимнің диапазоны айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны белгілі болады. Аталмыш құбылыстың Жер бетіндегі актикалық шөл даладағы табиғат көріністеріне ұқсастығы дәлелденді. Аталған құбылыстарға терең назар аударған голландия ғалымы Дже́рард Пе́тер Ко́йпер (1905-1973) Марс бетіндегі салыстырмалы мөлшердегі көмірқышқыл газының барын дәлелдеді.
     Марсты тіршілік нысаны болғаны жөнінде итальян ғалым Джова́нни Вирджи́нио Скиапаре́лли (1835-1910) гипотеза айтқан. Ол өзі жасаған Марс картасына сүйене отырып, ерте заманда марсиандық өркениеттің болғаны және олар ирригациялық жұмыспен белсенді түрде айналысқанын дәлелдеуге тырысты.
     Сербияның атақты ғалымы Никола Тесла (1856-1943) Марс туралы беймәлім радиотолқындар сигналын бірнеше рет естігені (жат планеталықтар баланысы болуы мүмкін) жөнінде 1899 жылы мәлімдеме жасады.
     1960 жылдардың басында Марсты АМС (автоматты планетааралық спутник) жүйесі бойынша пилотсыз басқаратын  арнайы спутник арқылы СССР империясы әлемде тұңғыш рет іске асыра бастады.



Сурет-2. «Луна-1» Автоматты планетааралық спутник. https://ru.wikipedia.org/wiki/%

     Спутниктің негізгі нысаны геоцентристік орбитадан басқа ғарыш кеңістігінде пилотсыз технология бойынша түрлі мақсаттардағы  күрделі тапсырмаларды орындау болып табылды.
     СССР империясымен қатар Америка Құрама Штаттары өздерінің «Mariner», “Viking”, “Global Surveyor” атты автоматты планетааралық спутниктерін ұшырды. Бүгінде Еуропалық ғарыш Агенттігі «Марс-экспересс» және Индия «Мангальян» спутниктерін ұшыруды жоғарғы деңгейге жеткізген.
     Халықаралық НАСА Агенттігінің (АҚШ) «Викинг» жобасы (1959) Марс топырағындағы тіршілік қарекеттері туралы он жылдан астам ақпарат жинастырумен айналысты. Кейін ол жоба «Маринер» бағдарламасы (1964-1972) шеңберінде өзінің миссиясын жалғастырды. НАСА-ның «Mars Pathfinder» атты бағдарламасы (1996) сәтті жобалардың бірі болды. Ондағы «Соджорнер» атты Марсоход құрылғысы ұзақ жылдарға дейін мол ақпараттар алмасуға мұрындық болып келді.
     Халықаралық «ЭкзоМарс» жобасы (2016) Еуропа ғарыш Агенттігі мен  «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен бағдарламасы болып табылады. Соңғы деректер бойынша аталмыш «Trace Gas Orbiter» атты аппарат Халықаралық «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыранының көмегімен 14.03.2016 ұшырылып, нәтижесінде 19.10.2016 жылы  Марс орбитасына барып қонды.
     Бүгінгі таңда «ЭкзоМарс» бағдарламасының басты мақсаты Марстан 400 км биіктіктен Планета бойындағы асмосфералық құбылыстарды бақылап, ондағы газдардың құрамы мен қалыптасу негіздері туралы ақпараттар жинастыру болып табылады.

Марс – біздің ортақ үйіміз


     Американдық «Викинг» ғарыштық аппараты 1976 жылдан Марс бетіндегі микроорганизмдер туралы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Бүгінде қол жеткізген материалдар мен ақпараттарға жасаған талдау негізінде аталмыш топырақтағы тіршілік көзі туралы мағлұмат шындыққа жанаспай отыр. Дегенмен, көпжылдық бақылау нәтижелері Марс Планетасының заманауи топографиялық картасының жасалуына ұйытқы болды.



3-сурет.Марстың заманауи топографиялық картасы. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%

     НАСА Агенттігінің «Марс Одиссей» спутнигі (2001)  осы кезеңге дейін Марстың геологиялық құрамы мен ондағы минералдар туралы толыққанды бақылау жүргізді. Бір қызығы, Марс топырағында 70% жуық мол су қоры мұз күйінде сақталып тұрғаны белгілі болды. Марс бойындағы су құрамы жөнінде арнайы бақылау жүргізетін «Феникс» (2008) ғарыштық спутнигі қазіргі таңда тұрақты жұмыс істеп тұр.
     НАСА-ның «Mars Exploration Program» жобасы бойынша іске асырылып жатқан марсоход ғылыми-зерттеу лабораториялары (станциялары) «Spirit» (2003), «Opportunity» (2004) және «Curiosity» (2011) Марсты жан-жақты зерттеу барысында аса маңызды мағлұматтарды жинастыруда.  Аталған жобалардың ішіндегі «Curiosity»лабораториясы бірнеше ай ішінде 20 км жүріп отырып, Марс топырағындағы микроорганизмдер мен топырақ бетіндегі атмосфера қабаты туралы мәліметтерді бір мезгілде қабылдау мен талдауды іске асырады.
     Америка Құрама Штаты мен Еуропалық ғарыш Агенттігінің бірлескен жобасы  Телескоп «Хабл» немесе «Hubble Space Telescop» (1990) – ғарыш кеңістігіндегі  түрлі электромагниттік сәулелерді тіркеп отыратын кешенді құрылғы  болып табылады.
     Дегенмен, Марс жобасын қолдаушылармен қатар оған қарсы пікір білдіруші жандар бар екенін білгеніміз абзал. АҚШ Планетология институтының ғылыми қызметкері Аманда Хендрикс «Қызыл планета» беті мен оның айналасындағы ауқымды радиациялық жағдай Жерден Марсқа адамдарды трансформациялауда өте үлкен кедергі келтіреді деп жорамалдады. Ғалымның ойынша, Жер Планетасының жақын көршісі Марсқа адамдарды колонизация жасамай-ақ жаңа технологиялық эсперименттер жасайтын ашық алаң ретінде қалғаны дұрыс екенін жеткізді.
     Мигичан университетінің профессоры Атуна Ридли, адамзат перзенті Марсты колонизациялауды жүзеге асырғанымен, ондағы техникалық және инфрақұрылымдық проблемаларды шешу барысында қанша қаражат жұмсалатыны жөнінде нақты мысал жоқ екенін алға тартты.
NASA Агенттігінің қызметкері Крис Маккей, Марс жоспары бүгінде мол тәжірибе жинақтаған «Антарктика» Келісі бойынша әрекет етіп жатқан бағдарлама мысалында «Қызыл Планетаны» зерттеу тек үкіметаралық келісім негізінде қалғаны тиімді деп топшылады.
     Поляк ғалымы философ Конрад Шоцик Марсты колонизациялаушылар ортақ мақсаттары мен мүдделерін «Марс қоғамы» игілігіне айналдыруы үшін ортақ діни конфессия болу керек деп ұсыныс жасады.
     Марс бойынша1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан ұзақ жылдарға дейін құпия жағдайда сақталып келген «Царь Ракета- Н-1» жобасының бүгінгі мұрагерлері Ресей Федерациясы бүгінгі таңда ауқымды шараларды қолға алуда [23]. Ресейлік «ЭкзоМарс» жобасы мен жас конструктор Николай Дзись-Войнаровский тарапынан жасалып жатқан игі қадамдар болашақта адамдар үмітін ақтайды деген сенімдеміз [23].
     «Царь Ракета» жобасы 1969 жылы басталды. Оның негізгі миссиясы 75 тонналық жүкті ғарыш кеңістігіне алып шығып, өз ретінде ғылыми-техникалық мақсатта кешенді түрде пайдалану болды. Өкінішке орай ракетаның 1969-ақпан, 1969-шілде, 1971 және 1972 жылдардағы Марсқа самғау жөніндегі әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.
     Орталық басылымдарда Марс жөніндегі Ресейдің көзқарасы туралы академик Лев Зеленый жас ғалымдар Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлаған Марс жобасының «құр мақтан сөз» екенін жеткізді [24]. Өз сөзінде академик Марс айналасындағы радиациялық жағдай туралы толық сипаттама бере келе, адамдар үшін аса қауіпті екенін айтты. Ғалымның ойын дамыта келе, Күн радиациясы мен онымен байланысты басқа галактикалық радиациялық толқындар мен сәулелердің Марсқа және оған қатысты ғарыштық объектілерге осы күнге дейін қаншалықты дәрежеде ықпал ететіні толық болжам жасалмағандығы себеп болды деп жорамалдаймыз. Мұндай жағдайда «марсонавтардың» когнитивтік функцияларының ұшу сапары жағдайында қандай деңгейде болатыны, немесе оған керісінше әсер ететін «төтенше жағдайлардың» болатыны туралы нақты дәлелдер керек екенін атап өтеміз.



2-тарау
МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Марс Планетасы – адамдар мекені 

     Марсты колонизациялау туралы идея американдық инженер Роберт Зубриннің  «Марс қоғамдастығы» атты халықаралық ұйымын құру жөніндегі идеясымен байланысты [17]. Р.Зубриннің айтуынша адамзат перзенті жарқын болашақта, шамамен 2020 жылдардың ортасында Марсты игеру мен қоныстануда мол жетістіктерге қол жеткізеді. Өз сөзінде инженер Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) үлкен баға бере отырып, аталған «ғарыштық революция» негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын ойлап табатын жаңа буын өкілдерінің әлемді таңқалдыратын жобалар ұсынатынын жеткізді.
     Голландиялық жас ғалым Bas Lansdorp өзінің жеке қаражаты бойынша дайындаған «Mars One» жобасында (2013) Марсты колонизациялаудың аса тиімді және қауіпсіз бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, жел энергиясын арнайы қондырғыларға орнатып, нәтижесінде кел келген мақсатқа «генерациялау» арқылы көздеген мақсатқа жететінін дәлелдеді.Bas Lansdorp өз сөзінде: «Адамзат жақын болашақта «Айға ұшу мен Олимпиадалық ойындардан асып түсетін» таңқаларлық медиа-ақпаратты естуі мүмкін. Оны жүзеге асыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар мен технологиялар қазіргі уақытта дайын..», деп ресми түрде мәлімдеме жасады [18].
     Бүгінгі таңда Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлары іс жүзіне асырылу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, SpaceX бағдарламасы аясында  «Falcon Heavy» ракетасы арқылы 16 тонна жүкті Марсқа жеткізуге болатыны белгілі болды. Рекетамен бірге «Tesla Roadster»автокөлігі тұңғыш колонистер үшін «Қызыл планетада» серуендеу үшін жөнелтілетіні расқа айналды.
     Демек, Марсқа ең алдымен 200 үміткерлер арасынан арнайы тест арқылы таңдалып алынған  екі ер адам және екі әйел адам (ерікті түрде) 2032 жылы Марсты мәңгілік мекен етуге аттанады.
     Аталған ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға талдай жаса келе мынадай алғышарттарды айқындап кетуге болады.
     1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.
     2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.
     3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру.
     4.  Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.
     5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.
     6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы  өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру.
     7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.
     8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.
     9.  Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.
     10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып,  нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу.
     11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену.
     12.  Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.
     13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа  инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады.
     14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады.
     15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады.



Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі

     Қазақ Елінде аталмыш саланы зерттеуге ат салысатын құзырлы мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi» (2007) деп аталады. Ол жөнінде орталық ақпарат құралдарында мынадай сипаттама берілген: «.. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады..», - делінген [19].
     Қазіргі таңда аталмыш Агенттіктің негізгі атқарған жұмыстары мен болашақтағы стратегиялық даму жоспары төмендегідей:     
     - «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК);
     - «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;
      - ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;
     - Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;
     - дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.
     Дегенмен, осы құзырлы мемлекеттік органға қарасты «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары жетерлік екенін байқадық. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы», «Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы», «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы», «Қағаз карталар мен жоспарларды векторлау, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңарту, "5+" және "10+"», «Геоталдау және тақырыптық жобалар», «Фотограмметрия», «Картография» және басқа жүйелі жұмыстарды мақтанышпен жеткізуге болады [20].
     Жоғарыда баяндап өткен мағлұматтарға жасаған талдауымыз мемлекеттік құзырлы органдар мен Ұлттық компаниялардың міндет-мақсаттары мен Стратегиялық даму жоспарында «Марс планетасын игеру» жобасына қатысты ресми ақпарат болмағанына көз жеткіздік. Мемлекет тарапынан мұндай жоспарлардың назарға алынбауы – Марсты колонизациялау жұмысының аса ауқымды, сонымен қатар мол қаржы қажет ететін халықаралық жоба екендігі себеп болды деген қорытындыға келдік.
     Біздің ойымызша, «Қызыл планетаны» игеру ісіне ат салысуға Қазақстан үкіметінің мүмкіндігі толықтай жетеді деп топшылаймыз. Оған қатысу үшін еліміздің әлемдік деңгейде аталмыш жоба жағдайында бірқатар тәжірибе жинақтаған мемлекеттер және ғарыш саласындағы компаниялар мен агенттіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, өз тарабымыздан мүмкін болатын техникалық, коммуникациялық, білім мен ғылым, экология,  адам ресурсы, әлеуметтік-экономикалық және медициналық көмек пен басқа қызмет көрсету сервистерін ұсынғанымыз абзал.
     Аталып өткен ой-тұжырымдар негізінде төмендегідей қорытынды жасаймыз:
     1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi жанынан «Марсты колонизациялау жөніндегі» арнайы Ұлттық компания құру.
     2. Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарларының іс жүзіне асырылуына ат салысу барысында «Марс қоғамы» мүшесі болуға тілек білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімін жасау.
     3. «Байқоңыр» ұлттық ғарыш айлағын Марс игеруге қатысты жоспарларды іске асыру барысында бірлескен халықаралық жобалар аймағына айналдыру және мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау шарасын қарастыру.
     4. «Марсты игеру» жөніндегі Қазақстан Республикасының заңын қабылдау.
     5. Болашақ «марсонавттарды» дайындау мен «Марс колониясы» идеясын насихаттау барысында еліміздің өңірлерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы орталықтар ашу.
     6. Астана қаласы білім басқармасына қарасты №76 мемктеп-лицей базасында 2017 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келе жатқан «GEOMARS» оқушылар үйірмесінің тәжірибесін республикалық деңгейде тарату және іс-шаралар ұйымдастыру.
     7. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау;
     8. Марсты және басқа Планеталарды кешенді зерттеу мен насихаттауға бағытталған ғылыми-техникалық, медиа-анимациялық, әлеуметтік-экономикалық, баспагерлік-ақпараттық  іс-шараларды ұрпақ игілігіне айналдыру иақсатын кешенді жұмыс жоспарын құру, халықаралық форумдар мен ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру.
     9. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу.



Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

     Марсты колонизациялау жөніндегі қазақстандық моделді  жасау және болашақ «марсонавтардың» қауіпсіздігін қамтамасыз ету идеясының авторы Астана қаласы, № 76 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсахан болып табылады.

     Жалпы идеяның іске асырылу кезеңі аталмыш мектепте өткізілетін «Геоақпараттық жүйелер» атты факультатив курсының нәтижесінде мүмкін болды. Дарынды оқушылар бастамасына назар аударған мектеп әкімшілігі мен жас директор Сафура Сейдуалиқызының қамқорлығын ерекше атап өткен жөн. 





                    4-сурет. «GEOMARS» үйірмесінің мүшелері, Астана, 2017 жыл

     Үйірменің ұраны «Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру» болып табыды.
     Ең алдымен топ белсенділері Аңсар Мұсахан, Бірқаным Қанатова, Алихан Беишев, З. Рахимбекова, Тамерлан Кульбаев,  Гүлназ Талғатқызы және басқалар жоғарыда баяндалып өткен материалдар негізінде «ЭкзоМарс-2020», «Царь Ракета» (Н-1), «Марс-5НМ», «Протон-М», «Space Launch System» (SLS, USA) ракеталарының құрылысы мен техникалық-конструкциялық мүмкіндіктерімен жақын танысты.  Нәтижеде, «Байқоңыр» халықаралық ғарыш айлағынан «Бриз-М» модулі көмегімен (қатты жылдамдықпен ракетаны аспанға ұшыратын құрылғы) «Протон-М» ракета-тасымалдаушы ғарыш кемесі арқалы арқылы Марсқа ұшырылатын кешен дайын болады.  Ұшу сапары екі бөлімнен (модулден) тұрады. Біріншісі – ұшуға арналған модулі болса, екіншісі десанттық модуль болып табылады.
     Ұшуға арналған модуль – Жер мен Марс арасындағы ұшу траектория бағытын бақылып, қажет жағдайда Күн энергиясымен толықтырылған жүйе арқылы энергия көзімен қамтамасыз етеді. Марс орбитасына жеткенде ұшуға арналған модуль «Қызыл Планета» атмосферасына кірген соң жанып кетеді. Ал, екінші десанттық модуль Марс бетіне қонуы тиіс.


  Енді осы конструкцияны негізге ала отырып өзіміз дайындаған «BIOFAR» ғарыштық кемесінің моделін ұсынамыз. 



5-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «BIOFAR» ғарыштық кемесі.

«BIOFAR» ғарыштық кемесінің техникалық сипаттамасы.
     1: Онын 1-ші  баспалдағы жерге қонады .
     2: Ал 2-ші  баспалдағы  ғарышта орналасқан станциямен кездеседі.
     3: Әрі қарай Марсқа сапар шегеді,содан соң 7 айдан кейін Марс орбитасына жетеді.
     4: Содан соң  Марсқа қонады,3 айдан кейін жерге қарай кері сапар шегеді.

     Біздің ойымызша, ұшудан гөрі Марс бетіне қону аса жауапты іс болып табылады. Бізге қондырудың «қарапайым» және «қолшатырлық» түрі бар екені белгілі. Қону барысында қатты жылдамдықтағы «гипердыбысты» күйден «қарапайым» күйге жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені ойластыру – қазіргі заман талабы болып отыр. Марстағы ауа атмосферасының шашыраңқы немесе біркелкі еместігін пайдалана отырып болашақта ракетаның қонуы мен қондыруын қажет ететін «аэродинамикалық тежелгіш» құрылғыларын жасап шығарғанымыз – «марсонавтрдың» денсаулығын бақылау мен олардың ғылыми іс-әрекеттерінің қамтамасыз етілуіне ұйытқы болмақ.
     Кабинадағы ауа арнайы құрылғы бойынша жасанды түрде пайда болады. Ол бүгінде медицинадағы “жасанды ауа”  жүйесі арқылы іске асырылады. Ракета Жерден ұшып шығуы үшін алдымен Жерді айналып шығады. Марсқа жеткенде дәл соны қайталайды.
     Марс Планетасындағы ауа қабаты «уланғандықтан» оны тазартатын құрылғылар жасау керек. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалануға болатынын біз жоғарыда айтып өттік. Демек, бұл әдісті өзіміз ұсынған «MARSHOMEL» конструкциясы арқылы іске асыруға болады.

 
6-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «MARSHOMEL» тұрғын-үй кешені.

     Біздің шешіміміз  бойынша HOMEL компаниясы дайындаған  “АҚЫЛДЫ ҮЙ”  жобасы көпшілікке тарту етіледі. Ол 3 қабатты тұрғын үй болып табылады. Оның материалы “А-05” үрмелі және жиналмалы ерекше химиялық заттан жасалады. Марсоход бортына аталмыш үйді жылдам жинап-қайтарып алуға болады.
1-қабат. Зерттеу лабораториясы
2-қабат. Өмір сүруге қажетті арнайы құралдар мен экипаж мүшелері демалатын орын
3-қабат. Арнайы өсімдіктер паркі. Өсімдіктер үстінде Күн батареясы және антенна бар.

     Марс ғарышкерлерінің денсаулығын үшу сапарында қамтамасыз ететін негізгі құрылғының бірі – СКАФАНДР болып табылады. 



6-сурет. Марсонавт скафандры мен қосымша құрылғылары.

     Скафандр материалы нейлон, декрон, кеврал және басқа химиялық қоспалардан тұрады. Оның бір ерекшелігі – аса маңызды мағлұматтарды оң (Arm System1) және сол (Arm System2) қолдарда орналасқан «Skarlet» платформасы болып табылады.
     Марс жағдайында ғарышкерлердің тамақтануы жөнінде көптеген пікірлер мен дайын өнімдер бар. Кешегі СССР үкіметі тұсында тамақтану үрдісі арнайы қорапшада сақталған түтікшелерден тұратын сығынды заттар болса, бүгінде оның бірнеше түрлерін дайындайтын арнайы кәсіпорындар ерекше тағам түрлерін ұсынуда.
     Қандай да кәсіпорын болмасын, ол тағамды дайындайтын стандарттарға сай болуы керек. Ол үшін сублимация немесе лиофилизация әдісімен тағам құрамындағы сұйықтарды жою керек. Сублимация әдісі «сүрлеу» әрекетінен бөлек болады. Дайын өнімді -70 градустық температурада қатырып, ішіндегі ауа мен ылғалы жоқ арнайы ваккумге орналастырады. Ваккумдағы тағамды ұзақ мерзізге дейін сақтауға болады.    
    

ҚОРЫТЫНДЫ

     Көпшілік назарына ұсынған аталмыш жобамыз арқылы Марс Планетасы және оның айналасындағы мәселелер төңірегінде мол ақпараттар беріп,  толық қамту мүмкін еместігін айтқымыз келеді. Таңдаған тақырыбымызға байланысты оң немесе басқа пікір білдірген адамдар мен ғалымдар көзқарастары мен ұсыныс-тілектерін ескере отырып, біздер алдымызға қойған игі мақсаттарымыздың болашақта адамзат перзентінің игілігіне айналады деген зор сенімімізді бұқара халыққа мақтанышпен жеткізгіміз келеді.
     Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан жағдайында ғарыш саласына бағытталған мемлекет саясатының халықаралық стандарттар негізінде жоспарланып, өз кезегінде іске асырылу жүйесінің қолға алынғанын бағалай келе, біз және осы сала бойынша зерттеу жүргізіп жатқан адамдардың ұсыныс-тілегіне үкімет пен құзырлы органдардың Марс Планетасын зерттеу мәселесіне терең назар аудару қажеттігін алға тартамыз.
     Біз өз тарапымыздан Марс жобасының тек қана еліміз ғана емес, сонымен қатар космос зерттеу құрылымдарының ғарыштық зерттеу стратегиясының міндет-мақсаттарымен тұспа-тұс келетініне ерекше сенімдіміз. Демек, алға қойған стратегиялық жоспарларымыздың халық пен жас ұрпақ игілігіне толықтай айналатынына күмән келтірмейміз.
     Жоғарыда баяндалған материалдар мен ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға жасаған талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауға негіз болды:
     1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.
     2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.
     3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру.
     4.  Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.
     5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.
     6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы  өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру.
     7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.
     8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.
     9.  Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.
     10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып,  нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу.
     11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену.
     12.  Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.
     13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа  инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады.
     14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады.
     15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады.
     16. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау;
     17. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. NASA's Jet Propulsion Laboratory. Mars: Facts & Figures. Solar System Exploration. NASA.
2. Williams, David R. Mars Fact Sheet. National Space Science Data Center. NASA (September 1, 2004).
3. Seidelmann P. K. et al. (2007). «Report of the IAU/IAG Working Group on cartographic coordinates and rotational elements: 2006».
4. Konopliv A. S. et al. (January 2011). «Mars high resolution gravity fields from MRO, Mars seasonal gravity, and other dynamical parameters». Icarus 211 (1): 401—428. DOI:10.1016/j.icarus.2010.10.004. Bibcode: 2011Icar..211..401K.
5. M. Allison, M. McEwen. A post-Pathfinder evaluation of areocentric solar coordinates with improved timing recipes for Mars seasonal/diurnal climate studies // Planet. Space Sci.. — 2000. — Vol. 48. — P. 215—235. — DOI:10.1016/S0032-0633(99)00092-6 . 
6. Mars Exploration Rover Mission: Spotlight. mars.nasa.gov
7. Марс // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978.
8. Bill Keeter. A ‘Super Grand Canyon’ on Pluto’s Moon Charon (23 июня 2016).
9. Marinova M. M., Aharonson O., Asphaug Е. (2008). «Mega-impact formation of the Mars hemispheric dichotomy». Nature 453 (7199): 1216—1219.
10. Making a Splash on Mars - Science Mission Directorate. nasa.gov.
11. Sheehan W. Appendix 1: Oppositions of Mars, 1901–2035. The Planet Mars: A History of Observation and Discovery. University of Arizona Press (February 2, 1997).
12. Алексей Левин. Тайны Красной планеты // «Популярная механика». — elementy.ru, 2007. — Вып. 12.
13. Planets and Pluto: Physical Characteristics // Jet Propulsion Labaratory, NASA
14. Давыдов В. Д. Глобальные характеристики Марса // Современные представления о Марсе / Под ред. А. Б. Васильева. — 2-е изд. — М.: Знание, 1978. — 64 с.
15. Энциклопедия для детей: Астрономия / Глав. ред. М. Д. Аксёнова. — 2-е. — М.: Аванта+, 1998. — Т. 8. — С. 540. — 688 с. — ISBN 5895010164.
16. Бронштэн В. А. Планета Марс. — М.: Наука, 1977.
17. Зубрин Роберт. Когда люди заселят Марс и смогут ли дышать без скафандров. https://fakty.com.ua/ru/lifestyle/20180911-kogda-lyudy-zaselyat-mars-y-smogut-ly-dyshat-bez-skafandrov/
19. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D
20. Қазақстан ғарыш сапары. http://gharysh.kz/
21. Расстояние от Земли до Марса. http://lfly.ru/rasstoyanie-ot-zemli-do-marsa.html
22. Железняков А. Б. «Царь-ракета» Н-1. «Лунная гонка» СССР. — М.: Эксмо, 2016. — 112 с. — ISBN 978-5-699-93116-3.
23. Академик РАН оценил планы Маска по полетам на Марс. https://ria.ru/science/20181004/1529992047.html
24. Миссия выполнима: России отвели ключевую роль в экспедиции на Марс.