Қазақстанның
жазықтық ландшафт өзгерістерін зерттеудегі
топонимдердің ролі
Аяпбекова Алия, Мұхамедрахим Қыдырбайұлы,
"Тұран-Астана" университеті
Резюме
В статье рассматриваются роль топонимов в изучении изменений равниных ландшафтов Казахстана, происходящих под влиянием антропогенных воздействий.
Summary
The article deals with the studying of the toponyms role in Kazakhstan plain landscapes that appear under the influence of antropogenic impacts.
Егеменді
Қазақстан Республикасының география мамандарының басты міндеті – шаруашылық мақсаты үшін аймақты
тиімді пайдалану және табиғатты қорғау, оларды қалпына келтіру мен көбейту
бағытындағы шараларды ғылыми тұрғыда негіздеуде. Сонымен қатар географиялық,
экологиялық ғалымдар үшін ғылыми болжам жасаудың маңыздылығы артып отырған
қазіргі жағдайда, географиялық болжам ережелеріне сәйкес, ландшафттардың даму,
игеру және өзгеру тарихын қарастыратын ғылыми бағыттың маңызы зор. Аталған
бағыт географиялық, экологиялық, тарихи деректерді саралауда палеоклиматтық,
палеоботаникалық, топонимикалық мәліметтерді пайдаланумен ерекшеленеді.
Жер бетінде ауа-райының жыл сайын
жылып бара жатқаны бәрімізге белгілі. Бұл құбылысты зерттеу ХІХ ғасырдан бері
метеорологиялық өлшем аспаптарына сүйене отырып, нақты жүзеге асырыла бастады.
Жалпы жер тарихында үлкен екі рет мұз басу дәуірі максимум суық және максиум
жылуымен бірге минимумымдық жылу мен суық алмасып келіп тұрған. ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында болған кіші мұзбасудан кейін 50-60 жылдан бастап
температураның ауытқуы айқын көріне бастады.
Өткен ғасырдың 20 жылдары күшейе
түсіп, ең күшті қуаңшылық 1930-1939 жылдарда байқалды. Бір кезде мұз басып
жатқан Скандинавия, Исландия аралында мұздан босаған жер қазіргі кезде ауыл
шаруашылығына пайдалануда. С.П. Хромовтың зерттеулері бойынша 1880-1990 жылдары
аралығында экватор сырты 17,50С, қоңыржай белдеуде 2,40С,
тропиктік белдеуде 1,20С орташа жылдық амплитудалық ауытқуларды
көрсеткен. Жер бетінің жылу көрсеткіші ХХ ғасырдың 50-60 жылдары суық
айтарлықтай байқалмаған, керісінше 70 жылдары үлкен қарқынмен жылу
температурасының көтерілгендігі байқалған.
Климаттың жылулық өзгерістері тек
тау мен материктік мұздықтардың азаюуына ғана емес сонымен қатар жер бетіне, өзен
гидрографиясы мен тау жыныстары арасындағы қабаттық суларға да әсерін тигізіп
отырады. Географтардың, өзге ғалымдардың жинақтаған материалдарын орынды
пайдалана отырып, табиғаттағы заңды байланыстарды дәлелдеу географияны
дамытудың жаңа көкжиектерін ашады. А.В.Шнитников өзінің еңбектерінде
ғылымдардан алынған деректерді бір жүйеге келтіріп, солтүстік жарты шардың ылғалдылығы
мен ырғағы және географиялық зоналар шекарасының өту ырғақтылығы жайында жүйелі
ілім жасады. Бұл – ғалымның алты мың жыл ішіндегі табиғаттың дамуын талдау
заңдылықтарын ашуға негізделді. Мұның өзі алдағы ондаған жылдарда табиғаттың
өзгеруіндегі ырғақтылықты болжау мүмкіндігін берді /1/.
Ырғақтың бір ғасыр, не көп ғасыр
бойындағы ырғағы Күн мен Ай және Жер арасындағы тығыз байланысты, жер бетіндегі
көптеген табиғи процессттердің Күнде болатын процестерге тәуелділігін сендіре
дәлелдейді. Табиғаттағы өзара байланыстар мен заңдылықтарды зерттеу табиғатта
болатын негізгі өсу, өзгеру бағыттарын анықтау, оларды жоспарлау ісінде,
мәселен, түрлі құбылыстарды жобалағанда, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін аумақты
пайдалану кезінде және басқа жағдайларда ескеруге мүмкіндік береді.
Ылғалданушылық
ырғақтарын зерттеудің ірі аумақтардың су қорларын дұрыс пайдалану мәселелеріне
тікелей қатысы бар. А.В.Шнитников игерілуге тиісті аумақтың ылғалданушылығының
табиғи жағдайларын қазіргі кезде мүмкіндігі болғанынша ондаған, тіпті жүздеген
жылдарға алдын ала болжауды ұсынады. Ғалым Қазақстан, Батыс Сібір, Орта және
Орталық Азия көлдерін зерттеу арқылы келтірген көптеген деректері көлдердің
көпшілік ритмдік өзгергіштікті бастан кешірді дегенге иландырады. Ол мұны «ғасыр ішіндегі өзгергіштік» және «ғасырлар ішіндегі өзгергіштік» деп
бөледі. Ғасыр ішіндегі өзгергіштік қысқы қар мөлшеріне, көл деңгейінің күрт
өзгеруіне, өзен режиміне бірден әсер етеді.
А.В.Шнитников
ылғалданушылық өзгергіштігін, сонымен бірге оның ырғақтары және сатыларының
абсолют хронологиясын анықтады.
1.
Б.з.д. ІІІ
мыңжылдықтың екінші жартысы мен ІІ мың жылдықтың басындағы артық ылғалданушылық
дәуірі. Батыс Қазақстанның ылғалдануы және шымтезекті жерлердің тез ұлғаюы.
Орманның даланы басуы. Өлке аумағы ылғалданушылығының артуы, құм төбелеріндегі
көмілген қара шірік қабаты пайда болды. Әмударияның Үзбой арқылы Каспийге ағып
баруы. Каспий трансгрессиясы.
2.
ХІХ ғасырдан кейінгі құрғақтану дәуірі Орта Азиядағы
қар-мұздық суымен қоректенетін өзендердің ағын мөлшері байқарлықтай азаюда.
Қазақстанда ылғалданушылықтың жалпылама кемуі аймақтың далалық көлдерінің
тартылуына әкеп соғады.
Жоғарыда айтылған заңдылықтарды
зерттеу барысында өзіміз жинақтаған тарихи-географиялық, топонимикалық
материалдармен байланыстырсақ Қазақстан аймағы ландшафттары өзгеру бағыты
жөнінде қорытынды жасауға болады. ХVІІ-ХХ ғасырдағы география, зоология,
ботаника, этнография, археология, тарих ғылымдары тұрғысында зерттеген
ғалымдардың С.У.Ремезов, А.Макшеев, П.С.Рычков, П.С.Паллас, И.И.Лепехин,
Я.В.Ханыков, Л.Мейер, А.Добросмыслов, А.Харузин және т.б. еңбектеріндегі
мәліметтерге сүйеніп, Қазақстан жерінде ылғалданушылық кезеңнің құрғақшылыққа
ауысқанын байқаймыз.
П.С.
Палластың құрастырған «Путешествие» картасынан ХVІІ ғасырда Қазақстан аумағында
қоңыржай ендіктердің қуаң климаты жағдайында өзендер тұтас жүйе құрып, аққанын
айқын көруге болады /2/. Жүйедегі басты өзендердің белгілері
ретінде ұзындығы, сулылығы, жүйедегі осьтік жағдайы, өзен
аңғарларының салыстырмалы жағы (салаларына қарағанда аңғарлары неғұрлым ескі)
көрсетілген. Ғалым картасынан аймақтағы өзендердің ішкі ағын алабына жатқанын
және өзен алабындағы суайырықтарының тұрақты болғанын көруге болады. Картаға
түсірілген өзен аттарын қазіргі кездеге тапонимдермен сәйкестендіру барысында
көпшілік атаудың орыс тілінде жазылуы бұрмаланғанымен, жалпы үндестігі
өзгеріссіз сақталғанын байқаймыз (1 кесте).
1- кесте
ХVІІ ғасырдағы және қазіргі
кездегі Қазақстандағы кейбір өзен атаулары
ХVІІ ғасырдағы өзен атаулары
(П.С.Паллас деректері бойынша)
|
ХХІ ғасырдағы өзен атаулары
|
|
|
Ал, Я.В. Ханыков еңбектерінде
«Карта Рыболовныхъ Киргизских озеръ» атты картасында Қамыс Самар көлдері Қара
және Сары өзендерінің құяр сағасындағы 70-тен астам көлдің 23 көліне:
1. Золотое морцо
2. Тусчи-кулань
3. Раймь
4. Кадырбай
5. Джубай
6. Джарась
7. Кусвак
8. Асчикулак
9. Сары-чеганакь
10.Сары-куль
11. Дунгельекь
12. Турдалы
13. Джумагазы
14. Токтамысъ
15. Уразай
16. Итемгень
17. Танле
18. Танабай
19. Бармакъ
20. Ликерь
21. Кошкарь
22. Тленгь
23. Канбарта
географиялық анықтама берді /3/. Көлдердің ұзындығы 5-7
км, ені 3-4 км.
Қамыс-Самар көлдерінің негізгі
қоректену көзі қар сулары болғандықтан
көктемде көлдердің денгейі және саны артатынынан байқауға болады. Қазіргі кезде
бұл көлдер алабының шаруашылық тұрғыда қарқынды игерілуі нәтижесінде бөгендер
салынған. Осы себепті көптеген ұсақ көлдердің атаулары тек географиялық
еңбектерде ғана сақталып қалған. Қазақ: «Көл орны тартылсада, құр қалмайды»,
«Су ағады, тас қалады»- деген, тарихта көлдердің аты қалды (1 сурет).
Қоғам мен табиғаттың өзара
қарым-қатынасын зерттеу мәселесі географиялық, техникалық білімде күрделі
міндет қояды. Әсіресе, қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс заманында қоғам мен
оны қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасы қиындай түсуде. Бұл алдағы
уақытта олардың өзара әрекеттесуінің ғылыми негізін жасауды талап етеді. Адам
қоғамының табиғи ортаны танып-білу және
оның қорларын пайдалану барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі шаруашылық –
мәдени дәстүрдің күрделі жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе қоғам мен табиғат
арасындағы қарым-қатынастардың индикаторы болып табылады.
Я.В.Ханыков картасы
1-сурет
Адам көп уақытқа дейін қоршаған
табиғи ортаға басып кіріп, оны өзгертуі бәрінен бұрын материалдық-өндірістік
сипатта жүреді. Сондықтан ол өзінің мекені табиғи ландшафттарды жасандыға
айырбастау нәтижесінде, өзінің табиғаттан «ажыратып» тастады.
Қазақстан табиғаты көптен бері
өзгеруде, бұл өзгерістер апатты (стихиялы) сипатта дамыды. Табиғат
ландшафттарының өзгеруі көп уақытқа дейін адам іс-әрекетінің жанама өнімі,
бәрінен бұрын әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған,
тұтынушылық құнына сәйкес құрылды. Өзінің мақсатына жете отырып, адам табиғат
ландшафтысына бір мезгілде табиғаттың дамуына сәйкес емес, өлке биосферасына
зиян әкелетін қайтымсыз бағытта ықпал етеді. Мысалы, әсіресе Тайсойған құмы мен
Арал теңізі жағалауларында және т.б. (2 кесте).
2 кесте
Кейдір географиялық
нысандардағы антропогендік өзгерістер
Географиялық нысандар
|
Өзгерістері
|
Себептері
|
1. Тайсойған
|
Аумағының тең жартысы қазіргі кезде жарамсыз
жерлерге айналды. Жайылымдар жұтаңданып, аумақ шөл мен шөлейтке айналған. Су
қорлары азайған /4/.
|
1.Адамның іс-әректі (шаруашылық).
2. Құмның астындағы суды шамадан тыс алудың
нәтижесінде, тұщы су азайып, ол бірте-бірте ащы суға айналуда. Жер асты
суының деңгейі төмендеуінің нәтижесінде құмда өсетін қияқ, бидайық, изен мен
жусан жойылып барады /5/.
Құмның іргесінде сынақ аланының (полигон) орналасуы. Бұл ауданның аумағы
әскери сынақ алаңына беру туралы құжат 1952 жылы жасақталған, 750 мың гектар
жер қарауында. 29 рет ядролық жарылыс сынағы болды, оның 19 жер астында, 10-ы
жер үстінде сыналған және 24 мың ракета жарылыс болып, әскери техниканың 177
түрі сынақтан өткен /6/.
|
2. Арал теңізі
|
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы
45%-ден астам кішірейді (1960 жылғы 53 метрден, 1987 жылы 40,3 метр дейін
және 1992 жылы 37,2 метрге дейін төмендеуі), судың көлемі 65% -ға кеміді,
судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Су тартылған 30 мың шаршы километрден
астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, жел одан жылына 40 млн тоннадан
150 млн. тоннаға дейін тұзды көтеріп, теңізден мыңдаған шақырым шалғайға
дейін таратып жайатын болды. Арал төңірегіндегі антропогендік шөлдену жүйесі
жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шаңды дауылдар
жиілеп, топырақ қабаты, өсімдіктер жамылғысы күрт өзгерді. Тәңіртау, Памир
тау мұздықтарында соңғы кезеңдерде теңіз табанынан көтерілген тұздардың тозаңдары кездеседі /7/.
|
1. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының
көбеюі.
2. Суармалы
жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы.
3. Әмудария мен Сырдария сулары ағынының күрт
азаюы.
|
Экологиялық дағдарыстар
жергілікті жерден басталады да, оларды қалпына келтірмеген жағдайда, бұл
проблемалар регионалдық, сонан соң глобальды экологиялық проблемаларға айналып
жатады. Оның жарқын дәлелі ретінде Арал суы тартыла бастаған уақытта, ол тек
Арал өңіріндегі балықшылардың ғана проблемасы болса, қазір кезде теңіз
түбіндегі тұзды шаңның қоршаған ортаға таралуы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттердің де экологиялық проблемасына
айналып отыр.
Аристотельдің кезінде адамзат
небәрі 500 өсімдік түрлерін білген болса, Шекспирдің замандастары 1500 өсімдік
түрлерін анықтады. Карл Линней 10000 өсімдіктің түріне сипаттама берді. Қазіргі
кезде 500000 өсімдіктің түрлеріне сипаттама бар, ғылымға белгілі екенін
білеміз, олардың 220 мыңы суда, қалғандары құрлықта өсетін көрінеді және мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңғанан асады.
Әлемдегі 5000 өсімдікті тағам ретінде пайдаланады. Өсімдіктер әлемінен жылына
шамамен 450 миллиард тонна органикалық заттар алынады. Медицинада қолданылатын
әрбір үшінші преператтың өсімдіктерден алынуы, олардың медицинадағы рөлін айқын
көрсетеді. Республика ғылымдарының мәліметтеріне қарағанда бізде өсімдіктердің
6000-нан астам түрі өседі. Соның 760-ы, яғни 12,6% тек біздің жерімізде ғана
өсетін (эндемик) өсімдіктер. Республика бойынша 250-ден астам өсімдік түрлерін
медицинада пайдалануға рұқсат етілген. Өкінішке орай, адамзат аумақ пен аймқтардағы
өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян әкеліп отыр. Мәселен, тоғайдағы ағаштар мен
далалы жердегі жиі өсетін жыңғыл және тағы басқа бұталарды тамырымен жұлып
отынға пайдалану әсерінен, жер тақырға айналып, топырақ құлазуда. Бұл құбылыс өңірдегі
желдің бағыты мен жиілігіне әсер етеді және топырақтың ылғалдық мөлшері оның
өсімдігіне байланысты екені белгілі.
Тарихтан белгілі 1954 жылғы
ҚОКП-ның ақпан-наурыз пленумының шешімдерінен кейін кеңбайтақ Отанымыздың
аймақтарында тың және тыңайған жерлерді
игеру аса ірі масштабта жүргізілді. Аз уақыттың ішінде (1954-1960 жж.) елімізде
42 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді, оның 25 млн. гектары, яғни
игерілген жердің 60% -ы Қазақстан үлесіне тиді. Әсіресе жыртуға жарамсыз жерлер де (мал шаруашылығына
қажетті жерлер) игерілді /8/. Осы кезде жергілікті
ландшафт ерекшеліктерін білдіретін географиялық атаулар (микротопонимдер)
негісіз өзгертілді. Мысалы, Ақтас ауылына Мирный,
Жарқайың ауданына Державинск атауы
берілген (Торғай өңірінде, қазіргі
кезде алғашқы атаулары қайта қалпына
келтірілді).
Қазақстан халқының 10
ассамблеясында елбасы «Әрине тың игеру жылдарында экологиялық және экономикалық
сипаттағы қателіктер аз болған жоқ»,-деп көрсетсе, ал игерілген өнімі аз жерлер
егістік айналымынан шығарылды. Соңғы он жыл уақыт ішінде саналы түрде тыңдағы
көп аз өнімді жерлер егістіктен шығарылды. Кезінде Қазақстандағы жыртылған жер
көлемі 35-36 млн. гектарға жетсе, қазіргі кезде 12-15 млн. гектарға кеміді.
Осы айтылған өзгерістерді
топонимикалық зерттеулер арқылы іске асыруға болатыны белгілі. Ландшафтардың өзгеру себептері:
1. Жер экологиясының бұзылу антропогендік жағдайларына
байланысты.
2. Ағын сулардың азаюы.
3. Ауа-райының жылуы.
Қорыта айтқанда соңғы жылдары
антропогендік ықпал жасаудың нәтижесінде қолайсыз экологиялық жағдайлары
қалыптасып географиялық ландшафтқа әсерін тигізуде. Жойылып кеткен ладшафтар
ежелгі карталардағы географияда
сақталған, соларды салыстыра зерттеу арқылы ладшафтың өзгеріс заңдылықтарын
анықтауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Шнитников А.В., Внутривековая
изменчивость компонентов общей
увлажненности. - Л.: Наука, 1969. -245 с.
2. Паллас П.С. Путешествие по
разным местам Российского государства по повельнію Санктпетербургской
императорской академи наук. Часть вторая. Книга вторая. – Санктпетербургь,
1786. – 571 с.
3. Ханыков Я.В. Очерк состояния Киргизской Орды в 1841г. –
Зап. РГО. – Спб., 1849. Кн 1-2. – 560 с.
4. Иманғалиұлы Р. Еділ мен Жайық
арасы // Егеменді Қазақстан. 2001, 29 тамыз. № 91.
5. Рахметулла Ұ. Ядролық сынақ –
ұрпақ қасіреті // Атамекен. 2001. 24 қазан. №20. -2 б.
6. Мұртаза Ш. Байлық пен
денсаулық. Егеменді Қазақстан. 8 маусым 2001.
7. Қазақ тілі термндерінің
салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Су шаруашылғы. –Алматы, 2002. – 392 бет.
8. Жамалбеков Е.У., Жұмабекова
И.Д., Татыбаева С.А. Тың игерудің Қазақстан ауыл-шаруашылығын көтерудегі маңызы
мен кейбір көлеңкелі тұстары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Теоретические и
прикладные проблемы географии на рубеже столетий: Матералы международной научно-практической
конференции (Алматы, 8-9 июня 2004г.). – 186-189 с.