среда, 28 сентября 2016 г.

Құрсабаев М.Қ, Жұмағалиева Ж.Б, Аяпбекова Ә.С, Сәлменова С. Ғарыш туризмі: бүгіні һәм ертеңі.

ҒАРЫШ ТУРИЗМІ: БҮГІНІ ҺӘМ ЕРТЕҢІ


Құрсабаев М.Қ.,Аяпбекова Ә.Е.,Сәлменова С.Қ, Жұмағалиева Ж.Б, Астана


Ғарыш туризмі туралы мәселе Юрий Гагарин 1961 жылы әлемде тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне ұшқан тарихи кезеңнен басталды деуге болады. Шындыққа келгенде Ю.Гагарин аспанға ұшқан ең бірінші ғарыш турисі.
      Сол кездерден бері көп уақыт өтсе де, адам баласы үшін «ғарыш турисі» атану әлі арман.
      Ғарыш кеңістігін туристік мақсата пайдалану туралы әлемде алғаш рет ақпарат құралдары арқылы 1967 жылы Barron Hilton және Erick Kraft ұсынды. Ол ұсыныстың теріс қоғамдық пікір тудыртқанына қарамастан, энтузиаст қайраткерлер өз дегендерінен ұзақ уақыт тайынбады.
    1986 жылы Америкада өткен Халықаралық «International Astronautical Congress» жиынында осы мәселе бойынша жасалған баяндама, қатысушылар назарын өзіне аударды [7]. Нәтижесінде, алқалы жиында көтерілген мәселе халықаралық сипат алып, әкімшілік һәм бизнес орталықтарында жиі талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Сол жылы ғарышқа ұшыруды жоспарлаған АҚШ ғарыш кемесі «Challenger»  бортының мүшесі,  әлемнің бірінші турист-ханшайымы титулына ие болуға лайық мектеп мұғалімі Chritine MacCollif,  ғарыш зымыранының апатқа ұшырауына байланысты  Америка Үкіметі «ғарышқа кәсіби дайындығы жеткіліксіз» мамандарды тартуға тыйым салатын Заң қабылдады.
      ХХ ғасырдың аяғында ғарыш саласындағы кейбір келеңсіз оқиғаларға қарамастан Жапония мен Ұлыбритания мемлекеті ғарыш туризмі жобасын мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жобаны жеке коммерциялық сипатта қаржыландыру жүйесін тұңғыш рет жария етті. СССР империясының «Мир» орбиталық станциясына «Союз ТМ-11» ғарыш кемесімен Helen Sharmann және Toehiro Akiyama cапар шекті. Аталмыш жоба үшжақтық келісім бойынша мемлекеттікемес бағдарлама бойынша қаржыландыруды «TBS Juno» фирмасы өз мойнына алды.
     АҚШ-тың ғарыш кемесі «Challenger» бағдарламасының сәтсіздікке ұшырауы Ресей космонавтика саласының жаңа деңгейге көтерілуіне даңғыл жол ашты.  СССР империясының «Мир» орбиталық станциясы өзінің мәртебесін бір саты жоғарлатып Халықаралық ғарыш станциясы (МКС) атағын иеленді.

    2001 жылы Ресейдің «Роскосмос» және Америкалық «Space Adventures» ұйымдары өзара уағадаластыққа қол жеткізіп «ғарыш туризмі» саласының қарыштап дамуына изгі қадамдар жасады. Келісім-шарттың бірінші жобасы кәсіпкер Dennis Tito – ресми түрде әлемнің ең алғаш «турист-ғарышкері» атанды. Төменде аталмыш жоба бойынша ғарышқа ұшқан туристер тізімі жарияланған.


Аталмыш мәселе ХХІ басында қайта жанданып, көптеген адамдардың назарын өзіне аударып отыр. Оның айырықша қарқын алуына ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы – орасан ықпалын тигізді. Өз кезегінде, әлемдегі алып ғарыштық державалар қатарына жататын, Америка, Ресей, Жапония, Франция, Қытай мемлекеттерінде қазіргі таңда нақты шаралар қолға алынуда.
     Алайда, ғарыш туризмін дамыту мол қаражат шығындарын қажет ететін сала екенін білгеніміз абзал. Оның кең қанат жаюы ғарыш саласында мемлекет саясатының жүргізілуі – қосымша міндеттерді қоса алып жүру қажеттігін өз мойнына алуы күрделі іс болып табылады.
      Дегенмен, соңғы жылдары  әлемдік ғарыш орталықтарының бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатуы «ғарыш туризмі» идеясының ақиқат алаңына бір табан жақындата түсті. Әсіресе АҚШ, Ресей және Еуроодақ деңгейіндегі ғарыш саласындағы өзара уағадаласқан маңызды келісімдерлің өміршең болуы – мемлекетаралық сипат алды. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыратын аспан һәм жер спутниктері, ғарышкерлер мектебін дайындау және бірлескен жобалар құрастыру бағытындағы ауқымды шаралар – ғарыш туризмі индустриясының қалыптасуына ұйытқы болды.
      Бүгінде АҚШ (Канаверал), Ресей (Плесецк), Қазақстан (Байқоңыр) және Қытай мен   Франция мемлекеттерінде ұшырылатын ғарыш кемелерін тамашалауға келетін шет ел туристерінің саны жыл сайын артып келеді. Яғни, осы құбылысты ғарыш туризмінің бірінші кезеңі деп атауға болады. Оған мысал ретінде Қазақстандағы Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарыш айлағын алайық. Соңғы жылдары ғарыш бағдарламасының халық шаруашылығында атқаратын ауқымды жұмыстарының күрделене түсуі – аталмыш айлақтың 2017 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік ЕХРО 2017 Көрмесі туристерінің мекеніне айналдыру ісін қолға алған жөн. Өз ретінде ғарыш айлағы жөнінде отандық және шет елдік туристік ұйымдар арқылы арнайы маршрут сызбасын дайындау кезек күттірмейтін шаруа.
      Ғарыш туризмінің екінші үлкен мәселесі – осы сала бойынша Интернет ресурстарын барынша пайдалану. Қол жеткізетін маңызды жобаларға «Media-жарнамалық» топтамалар мен  «Google Earth» форматындағы цифрлық картография контенттерін толығынан игіліктену керек.
      Отандық туристік ұйымдар базасында осы салаға байланысты арнайы стратегиялық платформалар жоспарланса, оның ертеңі мол табыстарға қол жеткізетіні анық. Табысқа кенелудің бірден-бір төте жолы – аталмыш платформа деңгейін халықаралық масштаба өрістету жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жобаның ұтымдылығына – кейінгі жылдары Батыс Еуропа мемлекеттерінде Қазақстан, Ресей және Қытай мемлекеттерінде ғарыш полигондарын тамашалауға ниет білдірген саяхатшылар шоғырының жыл сайын артып келе жатқан тенденциясы негіз болады.
     Ғарыш туризмі туралы алғаш идея айтқан адамдардың бірі Tom Jone өзінің «Sky walking» деп аталатын жобасында «Аспандағы серуен» деген айдармен авторлық көзқарасын білдірді.  Оның ойынша, жақын болашақта Жер орбитасымен аспан кеңістігінде жүйткитін туристердің серуенін көретін уақыт туады. Ғарыш тарихын зерттеуші Roger launius шағын ғарыш кемесіне отырған адам қалаған уақытында атмосфера қабатының жоғарғы жағы арқылы тылсым кеңістікті тамашалауға әбден болатынын сендіруде.
      Бүгінде ғарыш туризмі жобасының Айға ұшып бару «Space tourism» ($23 млн) және жер орбитасының кеңістігінде «Sky walking» (Tom Jone)  бағдарламасы бойынша серуендеу сомалары тым қымбат болғанына қарамастан, үміткер-туристердің саны артып келеді.
       Ғарыш туризмі саласына байланысты зерттеу жұмыстары дамып келеді. Ол жөнінде орталық басылымдарда (web-ресурстар): «Космический туризм – оплачивающиеся из частных средств полеты в космос или на околоземную орбиту в развлекательных или научно-исследовательских целях» атты мағлұматтар кездеседі[1].
      Сондай-ақ шет ел ақпарат арналарындағы: «Space tourism is space travel for recreational, leisure or business purposes. A number of startup companies have sprung up in recent years, such as Virgin Galactic and XCOR Aerospace, hoping to create a sub-orbital space tourism industry. Orbital space tourism opportunities have been limited and expensive, with only the Russian Space Agency providing transport to date.
The publicized price for flights brokered by Space Adventures to the International Space Station aboard a Russian Soyuz spacecraft have been US $20–40 million, during the period 2001–2009 when 7 space tourists made 8 space flights. Some space tourists have signed contracts with third parties to conduct certain research activities while in orbit. Russia halted orbital space tourism in 2010 due to the increase in the International Space Station crew size, using the seats for expedition crews that would have been sold to paying spaceflight participants[1[Orbital tourist flights are planned to resume in 2015.[3] As an alternative term to "tourism", some organizations such as the Commercial Spaceflight Federation use the term "personal spaceflight". The Citizens in Space project uses the term "citizen space exploration".[4] As of September 2012, multiple companies are offering sales of orbital and suborbital flights, with varying durations and creature comforts.[5] » атты деректерде аталмыш саланың маңыздылығы жете баяндалған[2].
      Қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағы – отандық ғарыш туризмі мекені болуына толық мүмкіндік бар. Ресейге 20 жылға жалға берілген бұл жердің тарихы тереңде жатыр. 1953 жылы Семей ядролық полигонында сынақтан өткен сутегі бомбасының жарылыс күші 4 тонналық ядролық энергияны аспан көгіне алып шығатын зұлмат қуатқа ие R-7 ракетасының пайда болуына себеп болды. Бұл жобаға В.Малышев, С.Королев, С.Крюков тартылды. 1954 жылы Г.Жуковтың араласуымен «Төретам» (бүркеншік ата экспериментальді диапазон) қаласы космодром алаңы ретінде таңдалып алынды. Ғарыш айлағының халықаралық атауы «Tyuratam Missile and Space Complex» (TTMTR) деп аталады.
     1957 жылы әлемде тұңғыш рет континентаралық атақты R-7 баллистикалық ракетасы және Жер Спутнигі ұшырылды. 1961 жылы Дүниежүзінің бірінші турисі Ю.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен 108 минут бойы Жер шарын аралап шықты. Жоспар бойынша ғарыш кемесі 1960 жылы ғарышқа ұшу керек болатын. Өкінішке орай, ол бағдарлама сәтсіздікке ұшырады.
      Жоғарыда баяндалған тұжырымдар мен салыстырмалы ойкешулерге жасаған талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауымызға негіз болды:
- Халықаралық «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2017 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік ЕХРО 2017 Көрмесі туристерінің мекеніне айналдыру;
- Ғарыш айлағына шетел туристерін тарту мақсатында «Media-жарнамалық» топтамалар мен  «Google Earth» форматындағы цифрлық картография контенттерін толығынан игіліктену;
-Қазақстандағы ғарыштық туризмді дамытудың Стратегиялық платформасын дайындау;

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Belfiore, Michael (2007). Rocketeers: how a visionary band of business leaders, engineers, and pilots is boldly privatizing space. New York: Smithsonian Books. ISBN 978-0-06-114903-0.
2. McKinley, Jesse (September 7, 2012). "Space Tourism Is Here! Wealthy Adventurers Wanted". New York Times. Archivedfrom the original on April 30, 2013.
3."Space Tourism Could Drive Space Development". The Space Tourist. Fourth Annual L5 Space Development Conference, National Space Society. Washington DC: American Astronautical Society. pp. 85–771 to 85–774. Retrieved February 17, 2012.
4. Chang, Kenneth; Schwartz, John (October 31, 2014). "Virgin Galactic's SpaceShipTwo Crashes in New Setback for Commercial Spaceflight". The New York Times.
5. https://en.wikipedia.org/wiki/Space_touris
6. Космический туризм. Wikipedia
7.  International Astronautical Congress. Potential Economic Implications of the Development of Space Tourism.
8. "Baikonur Cosmodrome 45.9 N 63.3 E". FAS.org. Federation of American Scientists (FAS). Retrieved 19 July2014.


Комментариев нет:

Отправить комментарий