четверг, 29 сентября 2016 г.

Аяпбекова А. Қыдырбайұлы М..Қазақстанның жазықтық ландшафт өзгерістерін зерттеудегі топонимдердің ролі

Қазақстанның жазықтық ландшафт өзгерістерін зерттеудегі 
топонимдердің ролі

Аяпбекова Алия, Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, 
"Тұран-Астана" университеті
                                                              

Резюме
В статье рассматриваются роль топонимов в изучении изменений равниных ландшафтов Казахстана, происходящих под влиянием антропогенных воздействий.

Summary

The article deals with the studying of the toponyms role in Kazakhstan plain landscapes that appear under the influence of antropogenic impacts.


    Егеменді Қазақстан Республикасының география мамандарының басты  міндеті – шаруашылық мақсаты үшін аймақты тиімді пайдалану және табиғатты қорғау, оларды қалпына келтіру мен көбейту бағытындағы шараларды ғылыми тұрғыда негіздеуде. Сонымен қатар географиялық, экологиялық ғалымдар үшін ғылыми болжам жасаудың маңыздылығы артып отырған қазіргі жағдайда, географиялық болжам ережелеріне сәйкес, ландшафттардың даму, игеру және өзгеру тарихын қарастыратын ғылыми бағыттың маңызы зор. Аталған бағыт географиялық, экологиялық, тарихи деректерді саралауда палеоклиматтық, палеоботаникалық, топонимикалық мәліметтерді пайдаланумен ерекшеленеді.
Жер бетінде ауа-райының жыл сайын жылып бара жатқаны бәрімізге белгілі. Бұл құбылысты зерттеу ХІХ ғасырдан бері метеорологиялық өлшем аспаптарына сүйене отырып, нақты жүзеге асырыла бастады. Жалпы жер тарихында үлкен екі рет мұз басу дәуірі максимум суық және максиум жылуымен бірге минимумымдық жылу мен суық алмасып келіп тұрған. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында болған кіші мұзбасудан кейін 50-60 жылдан бастап температураның ауытқуы айқын көріне бастады.
Өткен ғасырдың 20 жылдары күшейе түсіп, ең күшті қуаңшылық 1930-1939 жылдарда байқалды. Бір кезде мұз басып жатқан Скандинавия, Исландия аралында мұздан босаған жер қазіргі кезде ауыл шаруашылығына пайдалануда. С.П. Хромовтың зерттеулері бойынша 1880-1990 жылдары аралығында экватор сырты 17,50С, қоңыржай белдеуде 2,40С, тропиктік белдеуде 1,20С орташа жылдық амплитудалық ауытқуларды көрсеткен. Жер бетінің жылу көрсеткіші ХХ ғасырдың 50-60 жылдары суық айтарлықтай байқалмаған, керісінше 70 жылдары үлкен қарқынмен жылу температурасының көтерілгендігі байқалған.
Климаттың жылулық өзгерістері тек тау мен материктік мұздықтардың азаюуына ғана емес сонымен қатар жер бетіне, өзен гидрографиясы мен тау жыныстары арасындағы қабаттық суларға да әсерін тигізіп отырады. Географтардың, өзге ғалымдардың жинақтаған материалдарын орынды пайдалана отырып, табиғаттағы заңды байланыстарды дәлелдеу географияны дамытудың жаңа көкжиектерін ашады. А.В.Шнитников өзінің еңбектерінде ғылымдардан алынған деректерді бір жүйеге келтіріп, солтүстік жарты шардың ылғалдылығы мен ырғағы және географиялық зоналар шекарасының өту ырғақтылығы жайында жүйелі ілім жасады. Бұл – ғалымның алты мың жыл ішіндегі табиғаттың дамуын талдау заңдылықтарын ашуға негізделді. Мұның өзі алдағы ондаған жылдарда табиғаттың өзгеруіндегі ырғақтылықты болжау мүмкіндігін берді /1/.
Ырғақтың бір ғасыр, не көп ғасыр бойындағы ырғағы Күн мен Ай және Жер арасындағы тығыз байланысты, жер бетіндегі көптеген табиғи процессттердің Күнде болатын процестерге тәуелділігін сендіре дәлелдейді. Табиғаттағы өзара байланыстар мен заңдылықтарды зерттеу табиғатта болатын негізгі өсу, өзгеру бағыттарын анықтау, оларды жоспарлау ісінде, мәселен, түрлі құбылыстарды жобалағанда, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін аумақты пайдалану кезінде және басқа жағдайларда ескеруге мүмкіндік береді.
          Ылғалданушылық ырғақтарын зерттеудің ірі аумақтардың су қорларын дұрыс пайдалану мәселелеріне тікелей қатысы бар. А.В.Шнитников игерілуге тиісті аумақтың ылғалданушылығының табиғи жағдайларын қазіргі кезде мүмкіндігі болғанынша ондаған, тіпті жүздеген жылдарға алдын ала болжауды ұсынады. Ғалым Қазақстан, Батыс Сібір, Орта және Орталық Азия көлдерін зерттеу арқылы келтірген көптеген деректері көлдердің көпшілік ритмдік өзгергіштікті бастан кешірді дегенге иландырады. Ол мұны «ғасыр ішіндегі өзгергіштік» және «ғасырлар ішіндегі өзгергіштік» деп бөледі. Ғасыр ішіндегі өзгергіштік қысқы қар мөлшеріне, көл деңгейінің күрт өзгеруіне, өзен режиміне бірден әсер етеді.
          А.В.Шнитников ылғалданушылық өзгергіштігін, сонымен бірге оның ырғақтары және сатыларының абсолют хронологиясын анықтады.
1.              Б.з.д.  ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысы мен ІІ мың жылдықтың басындағы артық ылғалданушылық дәуірі. Батыс Қазақстанның ылғалдануы және шымтезекті жерлердің тез ұлғаюы. Орманның даланы басуы. Өлке аумағы ылғалданушылығының артуы, құм төбелеріндегі көмілген қара шірік қабаты пайда болды. Әмударияның Үзбой арқылы Каспийге ағып баруы. Каспий трансгрессиясы.
2.              ХІХ ғасырдан кейінгі құрғақтану дәуірі Орта Азиядағы қар-мұздық суымен қоректенетін өзендердің ағын мөлшері байқарлықтай азаюда. Қазақстанда ылғалданушылықтың жалпылама кемуі аймақтың далалық көлдерінің тартылуына әкеп соғады.
Жоғарыда айтылған заңдылықтарды зерттеу барысында өзіміз жинақтаған тарихи-географиялық, топонимикалық материалдармен байланыстырсақ Қазақстан аймағы ландшафттары өзгеру бағыты жөнінде қорытынды жасауға болады. ХVІІ-ХХ ғасырдағы география, зоология, ботаника, этнография, археология, тарих ғылымдары тұрғысында зерттеген ғалымдардың С.У.Ремезов, А.Макшеев, П.С.Рычков, П.С.Паллас, И.И.Лепехин, Я.В.Ханыков, Л.Мейер, А.Добросмыслов, А.Харузин және т.б. еңбектеріндегі мәліметтерге сүйеніп, Қазақстан жерінде ылғалданушылық кезеңнің құрғақшылыққа ауысқанын байқаймыз.
          П.С. Палластың құрастырған «Путешествие» картасынан ХVІІ ғасырда Қазақстан аумағында қоңыржай ендіктердің қуаң климаты жағдайында өзендер тұтас жүйе құрып, аққанын айқын көруге болады /2/. Жүйедегі басты өзендердің  белгілері  ретінде  ұзындығы,  сулылығы, жүйедегі осьтік жағдайы, өзен аңғарларының салыстырмалы жағы (салаларына қарағанда аңғарлары неғұрлым ескі) көрсетілген. Ғалым картасынан аймақтағы өзендердің ішкі ағын алабына жатқанын және өзен алабындағы суайырықтарының тұрақты болғанын көруге болады. Картаға түсірілген өзен аттарын қазіргі кездеге тапонимдермен сәйкестендіру барысында көпшілік атаудың орыс тілінде жазылуы бұрмаланғанымен, жалпы үндестігі өзгеріссіз сақталғанын байқаймыз (1 кесте).
1- кесте
ХVІІ ғасырдағы және қазіргі кездегі Қазақстандағы кейбір өзен атаулары

ХVІІ ғасырдағы өзен атаулары (П.С.Паллас деректері бойынша)
ХХІ ғасырдағы өзен атаулары
  1. Боль. Узен по Калм. Модотузень
  2. Боль.Комда
  3. Деркуль
  4. Джемь (Эмба)
  5. Иленъ
  6. Куиль
  7. Кангайты
  8. Мал. Узен по Калм. Саха Узен
  9. Сагинъ
  10. 1 Чажи
  11. 2 Чажи
  12. 3 Чажи
  1. Қара өзен
  2. Үлкен Қобда
  3. Деркөл
  4. Жем
  5. Елек
  6. Ойыл
  7. Қалдығайты
  8. Сары өзен
  9. Шаған
  10.  Шежін -1
  11.  Шежін -2
  12.  Шежін -3

         
Ал, Я.В. Ханыков еңбектерінде «Карта Рыболовныхъ Киргизских озеръ» атты картасында Қамыс Самар көлдері Қара және Сары өзендерінің құяр сағасындағы 70-тен астам көлдің 23 көліне:


1.    Золотое морцо
2.    Тусчи-кулань
3.    Раймь
4.    Кадырбай
5.    Джубай
6.    Джарась
7.    Кусвак
8.    Асчикулак
9.    Сары-чеганакь
10.Сары-куль
11. Дунгельекь
12. Турдалы
13. Джумагазы
14. Токтамысъ
15. Уразай
16. Итемгень
17. Танле
18. Танабай
19. Бармакъ
20. Ликерь
21. Кошкарь
22. Тленгь
23. Канбарта


географиялық анықтама берді /3/. Көлдердің ұзындығы 5-7 км, ені 3-4 км.
Қамыс-Самар көлдерінің негізгі қоректену көзі қар сулары  болғандықтан көктемде көлдердің денгейі және саны артатынынан байқауға болады. Қазіргі кезде бұл көлдер алабының шаруашылық тұрғыда қарқынды игерілуі нәтижесінде бөгендер салынған. Осы себепті көптеген ұсақ көлдердің атаулары тек географиялық еңбектерде ғана сақталып қалған. Қазақ: «Көл орны тартылсада, құр қалмайды», «Су ағады, тас қалады»- деген, тарихта көлдердің аты қалды (1 сурет).
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын зерттеу мәселесі географиялық, техникалық білімде күрделі міндет қояды. Әсіресе, қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс заманында қоғам мен оны қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасы қиындай түсуде. Бұл алдағы уақытта олардың өзара әрекеттесуінің ғылыми негізін жасауды талап етеді. Адам қоғамының  табиғи ортаны танып-білу және оның қорларын пайдалану барысында жинақтаған тәжірибесі мен білімі шаруашылық – мәдени дәстүрдің күрделі жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың индикаторы болып табылады.




Я.В.Ханыков картасы
1-сурет
Адам көп уақытқа дейін қоршаған табиғи ортаға басып кіріп, оны өзгертуі бәрінен бұрын материалдық-өндірістік сипатта жүреді. Сондықтан ол өзінің мекені табиғи ландшафттарды жасандыға айырбастау нәтижесінде, өзінің табиғаттан «ажыратып» тастады.
Қазақстан табиғаты көптен бері өзгеруде, бұл өзгерістер апатты (стихиялы) сипатта дамыды. Табиғат ландшафттарының өзгеруі көп уақытқа дейін адам іс-әрекетінің жанама өнімі, бәрінен бұрын әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған, тұтынушылық құнына сәйкес құрылды. Өзінің мақсатына жете отырып, адам табиғат ландшафтысына бір мезгілде табиғаттың дамуына сәйкес емес, өлке биосферасына зиян әкелетін қайтымсыз бағытта ықпал етеді. Мысалы, әсіресе Тайсойған құмы мен Арал теңізі жағалауларында және т.б. (2 кесте).
2 кесте
Кейдір географиялық нысандардағы антропогендік өзгерістер

Географиялық нысандар
Өзгерістері
Себептері

1. Тайсойған
Аумағының тең жартысы қазіргі кезде жарамсыз жерлерге айналды. Жайылымдар жұтаңданып, аумақ шөл мен шөлейтке айналған. Су қорлары азайған /4/.
1.Адамның іс-әректі (шаруашылық).
2. Құмның астындағы суды шамадан тыс алудың нәтижесінде, тұщы су азайып, ол бірте-бірте ащы суға айналуда. Жер асты суының деңгейі төмендеуінің нәтижесінде құмда өсетін қияқ, бидайық, изен мен жусан жойылып барады /5/.
Құмның іргесінде сынақ аланының  (полигон) орналасуы. Бұл ауданның аумағы әскери сынақ алаңына беру туралы құжат 1952 жылы жасақталған, 750 мың гектар жер қарауында. 29 рет ядролық жарылыс сынағы болды, оның 19 жер астында, 10-ы жер үстінде сыналған және 24 мың ракета жарылыс болып, әскери техниканың 177 түрі сынақтан өткен /6/.

2. Арал теңізі
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-ден астам кішірейді (1960 жылғы 53 метрден, 1987 жылы 40,3 метр дейін және 1992 жылы 37,2 метрге дейін төмендеуі), судың көлемі 65% -ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Су тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, жел одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн. тоннаға дейін тұзды көтеріп, теңізден мыңдаған шақырым шалғайға дейін таратып жайатын болды. Арал төңірегіндегі антропогендік шөлдену жүйесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шаңды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдіктер жамылғысы күрт өзгерді. Тәңіртау, Памир тау мұздықтарында соңғы кезеңдерде теңіз табанынан  көтерілген тұздардың тозаңдары кездеседі /7/.

1. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі.
2. Суармалы  жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы.
3. Әмудария мен Сырдария сулары ағынының күрт азаюы.


Экологиялық дағдарыстар жергілікті жерден басталады да, оларды қалпына келтірмеген жағдайда, бұл проблемалар регионалдық, сонан соң глобальды экологиялық проблемаларға айналып жатады. Оның жарқын дәлелі ретінде Арал суы тартыла бастаған уақытта, ол тек Арал өңіріндегі балықшылардың ғана проблемасы болса, қазір кезде теңіз түбіндегі тұзды шаңның қоршаған ортаға таралуы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттердің де экологиялық проблемасына айналып отыр.
Аристотельдің кезінде адамзат небәрі 500 өсімдік түрлерін білген болса, Шекспирдің замандастары 1500 өсімдік түрлерін анықтады. Карл Линней 10000 өсімдіктің түріне сипаттама берді. Қазіргі кезде 500000 өсімдіктің түрлеріне сипаттама бар, ғылымға белгілі екенін білеміз, олардың 220 мыңы суда, қалғандары құрлықта өсетін көрінеді және  мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңғанан асады. Әлемдегі 5000 өсімдікті тағам ретінде пайдаланады. Өсімдіктер әлемінен жылына шамамен 450 миллиард тонна органикалық заттар алынады. Медицинада қолданылатын әрбір үшінші преператтың өсімдіктерден алынуы, олардың медицинадағы рөлін айқын көрсетеді. Республика ғылымдарының мәліметтеріне қарағанда бізде өсімдіктердің 6000-нан астам түрі өседі. Соның 760-ы, яғни 12,6% тек біздің жерімізде ғана өсетін (эндемик) өсімдіктер. Республика бойынша 250-ден астам өсімдік түрлерін медицинада пайдалануға рұқсат етілген. Өкінішке орай, адамзат аумақ пен аймқтардағы өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян әкеліп отыр. Мәселен, тоғайдағы ағаштар мен далалы жердегі жиі өсетін жыңғыл және тағы басқа бұталарды тамырымен жұлып отынға пайдалану әсерінен, жер тақырға айналып, топырақ құлазуда. Бұл құбылыс өңірдегі желдің бағыты мен жиілігіне әсер етеді және топырақтың ылғалдық мөлшері оның өсімдігіне байланысты екені белгілі.
Тарихтан белгілі 1954 жылғы ҚОКП-ның ақпан-наурыз пленумының шешімдерінен кейін кеңбайтақ Отанымыздың аймақтарында  тың және тыңайған жерлерді игеру аса ірі масштабта жүргізілді. Аз уақыттың ішінде (1954-1960 жж.) елімізде 42 млн. гектар тың және тыңайған жерлер игерілді, оның 25 млн. гектары, яғни игерілген жердің 60% -ы Қазақстан үлесіне тиді. Әсіресе  жыртуға жарамсыз жерлер де (мал шаруашылығына қажетті жерлер)  игерілді /8/. Осы кезде жергілікті ландшафт ерекшеліктерін білдіретін географиялық атаулар (микротопонимдер) негісіз өзгертілді. Мысалы, Ақтас ауылына Мирный, Жарқайың ауданына Державинск атауы берілген (Торғай өңірінде,  қазіргі кезде  алғашқы атаулары қайта қалпына келтірілді). 
Қазақстан халқының 10 ассамблеясында елбасы «Әрине тың игеру жылдарында экологиялық және экономикалық сипаттағы қателіктер аз болған жоқ»,-деп көрсетсе, ал игерілген өнімі аз жерлер егістік айналымынан шығарылды. Соңғы он жыл уақыт ішінде саналы түрде тыңдағы көп аз өнімді жерлер егістіктен шығарылды. Кезінде Қазақстандағы жыртылған жер көлемі 35-36 млн. гектарға жетсе, қазіргі кезде 12-15 млн. гектарға кеміді.
Осы айтылған өзгерістерді топонимикалық зерттеулер арқылы іске асыруға болатыны белгілі.  Ландшафтардың өзгеру себептері:
1. Жер экологиясының бұзылу антропогендік жағдайларына байланысты.
2. Ағын сулардың азаюы.
3. Ауа-райының жылуы.
Қорыта айтқанда соңғы жылдары антропогендік ықпал жасаудың нәтижесінде қолайсыз экологиялық жағдайлары қалыптасып географиялық ландшафтқа әсерін тигізуде. Жойылып кеткен ладшафтар ежелгі карталардағы  географияда сақталған, соларды салыстыра зерттеу арқылы ладшафтың өзгеріс заңдылықтарын анықтауға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Шнитников А.В., Внутривековая изменчивость компонентов общей  увлажненности. - Л.: Наука, 1969. -245 с.
2. Паллас П.С. Путешествие по разным местам Российского государства по повельнію Санктпетербургской императорской академи наук. Часть вторая. Книга вторая. – Санктпетербургь, 1786. – 571 с.
3. Ханыков Я.В. Очерк состояния Киргизской Орды в 1841г. – Зап. РГО. – Спб., 1849. Кн 1-2. – 560 с.
4. Иманғалиұлы Р. Еділ мен Жайық арасы // Егеменді Қазақстан. 2001, 29 тамыз. № 91.
5. Рахметулла Ұ. Ядролық сынақ – ұрпақ қасіреті // Атамекен. 2001. 24 қазан. №20. -2 б.
6. Мұртаза Ш. Байлық пен денсаулық. Егеменді Қазақстан. 8 маусым 2001.
7. Қазақ тілі термндерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Су шаруашылғы. –Алматы, 2002. – 392 бет.
8. Жамалбеков Е.У., Жұмабекова И.Д., Татыбаева С.А. Тың игерудің Қазақстан ауыл-шаруашылығын көтерудегі маңызы мен кейбір көлеңкелі тұстары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Теоретические и прикладные проблемы географии на рубеже столетий: Матералы международной научно-практической конференции (Алматы, 8-9 июня 2004г.). – 186-189 с.




среда, 28 сентября 2016 г.

Исабеков С.Б. Стратегические приоритеты совершенствования туризма в Казахстане


Стратегические приоритеты совершенствования туризма  в Казахстане


Исабеков С.Б.
     Кандидат технических наук          
      электр.адрес: isabekov_28@mail.ru
      тел.8701-3940073



    В Казахстане проводится определенная работа по реформированию туризма и страте­гии развития туристкого бизнеса. Пробле­ма устойчивого, социального развития туриз­ма была и остается актуальной на протяжении всего исторического развития независимого Казахстана. Особенно она обострилась к настоящему времени и неуклонно возрастает с каждым годом.
      Основной актуальной проблемой казахстан­ского туризма является отставание отечествен­ной туристской отрасли от мировых стандартов, которые заключаются в следующем:
 1. Низкий профессиональный уровень подго­товки персонала;
 2. Дилетантские методы управления и обслу­живания, низкое качество сервиса;
 3. Неразвитые системы связи и коммуникаций;
 4. Экологические проблемы.
       Не уделяется должное внимание повышению эффективности ме­неджмента туризма, отсутствует обоснованная модель и методика оценки, адап­тированные к условиям развития отечественного туристического бизнеса.
       Вследствие этого, устойчивое развитие ту­ризма в республике зависит от решения ряда экономических и социальных проблем, таких, как учет экологического фактора при реализа­ции стратегии экономического развития, совер­шенствование структуры экономики в пользу развития рынка туристических услуг. Береж­ное отношение к природе и окружающей среде является одним из привлекательных элементов туризма и путешествий. Главной целью стратегии реформирования туристской отрасли для удовлетворения потреб­ностей клиентов в современных услугах является создание соответствующего международным стандартам туристского комплекса. Поэто­му, я считаю, необходимо провести ис­следования по основным показателям, характе­ризующим состояние туристкого бизнеса в республике; определить влияние вложений ин­вестиций в международный туризм в разрезе регионов; исследовать уровень и эффективность затрат на международный туризм и дать эконо­мическую оценку влияния разработанных меро­приятий на пути решения актуальных проблем туризма в Казахстане.
       Я считаю, для развития туристкой отрасли в Казахстане и реализации поставленных перед ней целей, необ­ходимо решить следующие задачи:
1. Активизация государственной политики в области туризма;
 2. Совершенствование системы регулирования туристской деятельности;
 3. Обеспечение безопасности, защиты прав туристов и организаций туризма страны;
 4. Стимулирование развития инфраструктуры туризма путем привлечения отечественных и иностранных инвестиций для реконструкции и строительства туристских объектов;
 5. Развитие международного сотрудничества в области туризма.
 6. Формирование имиджа Казахстана, как при­влекательного объекта туризма.
        Только подумайте, одной из семи приоритетных отраслей раз­вития экономики государства, является туризм, который является высокорентабельной отрас­лью, при условии ее конкурентоспособности  и качественного обслуживания, в соответствии с международными стандартами. В одном из Посланий Президента сказано: «Потоки пря­мых иностранных инвестиций в экономику Ка­захстана нужно направлять в перспективные отрасли, например, в сферу туризма».
       Сегодня актуальные проблемы туризма и пути их решения в республике должны рассма­триваться, как основа инновационного подхода в развитии отечественного международного ту­ризма. В современных условиях развития, ту­ризм становится одной из ведущих отраслей. В наст. время туризм занимает четвертое место в мировом экс­порте товаров и услуг, а по доходности — третье место в мире, после нефтедобывающей промыш­ленности и автомобилестроения.
       Современный Казахстан имеет богатый туристский потенциал, однако, он характеризуется недостаточным уровнем раз­вития туризма. Его доля в валовом внутреннем продукте составляет всего около 0,3%. В 2012 году объем доходов от туристской деятельности со­ставил 145,3 млрд. тенге, что в 2 раза больше, чем в  2008 году (77,6 млрд. тенге).
       Наша страна, занимая выгодное геополитиче­ское положение, с незапамятных времен являет­ся перекрестком транспортных и человеческих потоков с Севера на Юг и с Запада на Восток. Ка­захстан имеет объективные предпосылки, чтобы в сжатые сроки войти в число наиболее разви­тых туристических стран мира. Географическое положение республики уникально, и характери­зуется огромным туристским потенциалом. Это­му способствуют также богатство флоры и фауны, разветвленная сеть транспортных путей, уникальные культурно-исторические памятни­ки, довольно развитая индустрия путешествий и особенно система гостеприимства, но все это не используется качественно, эффективно и на должном уровне.
     Туристская отрасль в Казахстане являет­ся лидером среди других отраслей по размеру  эффекта на экономику, где создаются условия для переподготовки кадров и его совершенствования для работы в между­народном туризме. Одновременно развитие ту­ризма увеличивает занятость населения в стро­ительстве и смежных отраслях.
     В Концепции развития туризма указано, «что при продаже сырья истощаются энергоно­сители страны, а туристская индустрия работает на возобновляемых ресурсах». По данным проведенного анализа, было выявлено, что 100 тысяч туристов расходуют на себя 350 тысяч долларов, проведя в среднем два часа в городе. Поэтому реализация сырья является своего рода экономическим тупиком, а развитие туризма представляет собой длительную, экономически выгодную перспективу.
     Для развития индустрии туризма и обеспе­чения его качества в соответствии с мировым уровнем необходимо создать благоприятный инвестиционный климат, что позволит расши­рить как въездной, так и внутренний туризм в республике, будет способствовать постоянному притоку иностранной валюты в экономику го­сударства, совершенствованию и модернизации многих отраслей народного хозяйства. Кроме того, туризм обеспечивает приток иностранной валюты и способствует росту занятости местно­го населения.
     Согласно данным Всемирной Туристской Организации, на каждое рабочее место, прихо­дится от 5 до 9 рабочих мест, которые появляют­ся в других отраслях, где туризм прямо или косвен­но влияет на развитие экономики государства. Таким образом, туризм играет важную роль в экономике страны. Эта отрасль экономики разви­вается быстрыми темпами и в ближайшие годы станет наиболее важным ее сектором. В послед­нее время туризм стал одним из самых прибыль­ных видов бизнеса в мире. К 2010 г. он вышел на первое место в мировой торговле товарами и услугами. В свою очередь, на его развитие влияют многие факторы: демогра­фические, природно-географические, социаль­но-экономические, исторические. На процветание туризма оказывают влияние науч­но-технический прогресс, повышение качества жизни населения, увеличение продолжительно­сти свободного времени, отпусков, экономиче­ская и политическая стабильность.
      Сегодня, все существующие виды туризма представлены в Казахстане. Он ха­рактеризует деятельность, непосредственно свя­занную с отдыхом, досугом, спортом и общением, с культурой и природой, что оказывает сильное влияние на самообразование. Именно поэтому Правительство в стратегической программе развития определило туристскую от­расль приоритетной на основе совершенствова­ния и реформирования туризма, что, в конечном счете, воздействует на охрану окружающей сре­ды (экологический туризм), а также на все сек­тора экономики страны для повышения благосо­стояния народа.
      В силу все возрастающего воздействия ту­ризма на общество возникает необходимость исследования его эффективности. Экономическая эффективность туризма предполагает получение экономического эффек­та в трех направлениях, от:
·        - организации туризма в масштабах государства;
·        -  туристского обслуживания населения ре­гиона;
·        -  производственно-обслуживающего процес­са туристской фирмы.
     Очень часто на начальном этапе развития ту­ризма за его счет возводятся различные сооруже­ния, в том числе и очистные. В то же время тури­сты создают высокую загруженность автодорог, в значительной степени эксплуатируют местную природу. Общество получает от туризма выгоду, так как прекращается теку­честь кадров.
      Особенности туристского бизнеса ука­зывают на то, что менеджеры в сфере туризма должны помнить, что эта отрасль совер­шенно не похожа на другие, и поэтому механи­чески перенести модели управ­ления из других сфер трудовой деятельности в сферу туризма невозможно. Исходя из вышеизложенного, концепция формирования современной конкурентоспособ­ной индустрии туризма в Казахстане такова:
·         - превращение туризма в доходную отрасль экономики на основе создания высокорентабель­ной индустрии туризма;
·         - рациональное использование культурно-исторических и природно-климатических ресурсов и их сохранение;
·         - обеспечение доступности туристских ре­сурсов для всех слоев населения и стимулирова­ние их занятости, максимальное удовлетворение потребностей в услугах;
·         - повышение эффективности взаимодействия государственных и частных структур в сфере ту­ризма;
·         - увеличение туристского потенциала респу­блики;
·         - развитие малого и среднего предпринима­тельства на базе туризма
      Сегодня существуют все возможности для создания основных направлений  развития туризма: информационного простран­ства отрасли, разработки эффективной системы продвижения казахстанского туристского про­дукта на внешний и внутренний рынки; приня­тия необходимых нормативных правовых актов по вопросам инвестирования и налогообложе­ния. Это необходимо для привлечения иностран­ных и внутренних инвестиций в развитие туриз­ма и формирование туристского менеджмента.
     Казахстан имеет большие воз­можности для развития экологического туризма. Его основу составляют уникальные природные условия и ландшафты в центре Евразии, много­численные природные, исторические памятни­ки, культурное и этническое наследие народов, населявших территорию Казахстана в различ­ные исторические периоды.
     По данным экспертов Всемирной туристской организации, экологиче­ский туризм за последние десять лет становится наиболее популярным и является одним из ин­струментов устойчивого развития любого госу­дарства.
Очевидно, что в настоящее время необходимо усилить государственный контроль за ходом исполнения уже существующих и разработки ряда новых нормативно-правовых актов в области окружающей среды.
      Анализ въездных ту­ристских потоков в Казахстан показывает, что республика остается недостаточно привлека­тельной для зарубежных туристов. Обладая уни­кальностью, туристский продукт Казахстана не­достаточно конкурентоспособен и проигрывает зарубежным аналогам по доступности, уровню сервиса и цене туристских услуг.
      На казахстанском рынке туризма отмеча­ется низкий уровень присутствия международных гостиничных брендов, особенно молодежных. Международные гостиничные компании нахо­дятся в основном в четырех городах: Астана, Алматы, Атырау, Актау. Ситуацию, сложившуюся сегодня на рынке внутреннего туризма, характе­ризуют следующие факторы: спрос на туристские услуги в Казахстане ограничен материальными возможностями населения, небольшим количе­ством баз отдыха, обеспечивающих достаточный уровень комфорта, что приводит к неудовлетво­ренности потребностей отдыхающих. Туризм в Казахстане опирается в основном на местное на­селение, а также на деловые и профессиональные поездки иностранных резидентов.
     Сегодня, Казахстан является «туристским донором» для таких стран, как Турция, Китай, ОАЭ, Таиланд, где интенсивно развивается ин­дустрия туризма, создаются новые рабочие ме­ста, улучшается структура платежного баланса и растет благосостояние населения. Спрос на выездной туризм казахстанских туристов пред­ставляет потерю доли бизнеса для туристских объектов в Казахстане.
      Анализ показателей развития туризма в стране показывает, что потенциал отечественного туризма реали­зуется не полностью. Развитие этой отрасли напрямую зависит от создания современного конкурентоспособного туристического комплек­са. Недостаточное развитие инфраструктуры туризма, ограниченность финансовых средств требуют определения приоритетов первоочеред­ного строительства сети отелей,  гостиниц, кемпингов и мотелей, а также изготовление современных казахских юрт. Придание национального колори­та позволит зарубежным туристам ознакомиться с местными обычаями, традициями, культурой и бытом, что способствует развитию националь­ных ремесел и созданию новых рабочих мест.
      Хочу обратить особое внимание на то, что своевременная оценка по­следствий международного туризма является очень важным фактором, для составления такой экономическо - туристской политики, которая позволяла бы извлекать максимальную выгоду и предупреждать разрушительное воздействие туризма.
       По моему мнению, для развития турист­ской деятельности в Казахстане необходимо сделать мягкий визовый режим при въезде в страну, не следует выдумывать новые пути и методы, а хорошо изучить успешный, более приемлемый экономически, эффективный опыт иностранных государств. Также следует усовершенствовать уже существующие раз­личные инновационные методы с учетом нацио­нально-этнических особенностей Казахстана, где кластеры могут стать эффективным инстру­ментом для преодоления негативных факторов, сдерживающих социально-экономическое раз­витие туристского комплекса Казахстана.
       Я считаю, что нам всем есть над чем подумать и поработать, чтобы внести достойный вклад для реализации мер по совершенствованию индустрии туризма, что даст возможность значительно увеличить поток за­рубежных туристов и будет способствовать резкому повышению привлекательности отече­ственного туризма. Следовательно, в республике возникают реальные стратегические возможности для того, чтобы Казахстан стал центром туризма центрально-азиатского региона.


Құрсабаев М.Қ, Жұмағалиева Ж.Б, Аяпбекова Ә.С, Сәлменова С. Ғарыш туризмі: бүгіні һәм ертеңі.

ҒАРЫШ ТУРИЗМІ: БҮГІНІ ҺӘМ ЕРТЕҢІ


Құрсабаев М.Қ.,Аяпбекова Ә.Е.,Сәлменова С.Қ, Жұмағалиева Ж.Б, Астана


Ғарыш туризмі туралы мәселе Юрий Гагарин 1961 жылы әлемде тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне ұшқан тарихи кезеңнен басталды деуге болады. Шындыққа келгенде Ю.Гагарин аспанға ұшқан ең бірінші ғарыш турисі.
      Сол кездерден бері көп уақыт өтсе де, адам баласы үшін «ғарыш турисі» атану әлі арман.
      Ғарыш кеңістігін туристік мақсата пайдалану туралы әлемде алғаш рет ақпарат құралдары арқылы 1967 жылы Barron Hilton және Erick Kraft ұсынды. Ол ұсыныстың теріс қоғамдық пікір тудыртқанына қарамастан, энтузиаст қайраткерлер өз дегендерінен ұзақ уақыт тайынбады.
    1986 жылы Америкада өткен Халықаралық «International Astronautical Congress» жиынында осы мәселе бойынша жасалған баяндама, қатысушылар назарын өзіне аударды [7]. Нәтижесінде, алқалы жиында көтерілген мәселе халықаралық сипат алып, әкімшілік һәм бизнес орталықтарында жиі талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Сол жылы ғарышқа ұшыруды жоспарлаған АҚШ ғарыш кемесі «Challenger»  бортының мүшесі,  әлемнің бірінші турист-ханшайымы титулына ие болуға лайық мектеп мұғалімі Chritine MacCollif,  ғарыш зымыранының апатқа ұшырауына байланысты  Америка Үкіметі «ғарышқа кәсіби дайындығы жеткіліксіз» мамандарды тартуға тыйым салатын Заң қабылдады.
      ХХ ғасырдың аяғында ғарыш саласындағы кейбір келеңсіз оқиғаларға қарамастан Жапония мен Ұлыбритания мемлекеті ғарыш туризмі жобасын мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жобаны жеке коммерциялық сипатта қаржыландыру жүйесін тұңғыш рет жария етті. СССР империясының «Мир» орбиталық станциясына «Союз ТМ-11» ғарыш кемесімен Helen Sharmann және Toehiro Akiyama cапар шекті. Аталмыш жоба үшжақтық келісім бойынша мемлекеттікемес бағдарлама бойынша қаржыландыруды «TBS Juno» фирмасы өз мойнына алды.
     АҚШ-тың ғарыш кемесі «Challenger» бағдарламасының сәтсіздікке ұшырауы Ресей космонавтика саласының жаңа деңгейге көтерілуіне даңғыл жол ашты.  СССР империясының «Мир» орбиталық станциясы өзінің мәртебесін бір саты жоғарлатып Халықаралық ғарыш станциясы (МКС) атағын иеленді.

    2001 жылы Ресейдің «Роскосмос» және Америкалық «Space Adventures» ұйымдары өзара уағадаластыққа қол жеткізіп «ғарыш туризмі» саласының қарыштап дамуына изгі қадамдар жасады. Келісім-шарттың бірінші жобасы кәсіпкер Dennis Tito – ресми түрде әлемнің ең алғаш «турист-ғарышкері» атанды. Төменде аталмыш жоба бойынша ғарышқа ұшқан туристер тізімі жарияланған.


Аталмыш мәселе ХХІ басында қайта жанданып, көптеген адамдардың назарын өзіне аударып отыр. Оның айырықша қарқын алуына ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы – орасан ықпалын тигізді. Өз кезегінде, әлемдегі алып ғарыштық державалар қатарына жататын, Америка, Ресей, Жапония, Франция, Қытай мемлекеттерінде қазіргі таңда нақты шаралар қолға алынуда.
     Алайда, ғарыш туризмін дамыту мол қаражат шығындарын қажет ететін сала екенін білгеніміз абзал. Оның кең қанат жаюы ғарыш саласында мемлекет саясатының жүргізілуі – қосымша міндеттерді қоса алып жүру қажеттігін өз мойнына алуы күрделі іс болып табылады.
      Дегенмен, соңғы жылдары  әлемдік ғарыш орталықтарының бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатуы «ғарыш туризмі» идеясының ақиқат алаңына бір табан жақындата түсті. Әсіресе АҚШ, Ресей және Еуроодақ деңгейіндегі ғарыш саласындағы өзара уағадаласқан маңызды келісімдерлің өміршең болуы – мемлекетаралық сипат алды. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыратын аспан һәм жер спутниктері, ғарышкерлер мектебін дайындау және бірлескен жобалар құрастыру бағытындағы ауқымды шаралар – ғарыш туризмі индустриясының қалыптасуына ұйытқы болды.
      Бүгінде АҚШ (Канаверал), Ресей (Плесецк), Қазақстан (Байқоңыр) және Қытай мен   Франция мемлекеттерінде ұшырылатын ғарыш кемелерін тамашалауға келетін шет ел туристерінің саны жыл сайын артып келеді. Яғни, осы құбылысты ғарыш туризмінің бірінші кезеңі деп атауға болады. Оған мысал ретінде Қазақстандағы Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарыш айлағын алайық. Соңғы жылдары ғарыш бағдарламасының халық шаруашылығында атқаратын ауқымды жұмыстарының күрделене түсуі – аталмыш айлақтың 2017 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік ЕХРО 2017 Көрмесі туристерінің мекеніне айналдыру ісін қолға алған жөн. Өз ретінде ғарыш айлағы жөнінде отандық және шет елдік туристік ұйымдар арқылы арнайы маршрут сызбасын дайындау кезек күттірмейтін шаруа.
      Ғарыш туризмінің екінші үлкен мәселесі – осы сала бойынша Интернет ресурстарын барынша пайдалану. Қол жеткізетін маңызды жобаларға «Media-жарнамалық» топтамалар мен  «Google Earth» форматындағы цифрлық картография контенттерін толығынан игіліктену керек.
      Отандық туристік ұйымдар базасында осы салаға байланысты арнайы стратегиялық платформалар жоспарланса, оның ертеңі мол табыстарға қол жеткізетіні анық. Табысқа кенелудің бірден-бір төте жолы – аталмыш платформа деңгейін халықаралық масштаба өрістету жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жобаның ұтымдылығына – кейінгі жылдары Батыс Еуропа мемлекеттерінде Қазақстан, Ресей және Қытай мемлекеттерінде ғарыш полигондарын тамашалауға ниет білдірген саяхатшылар шоғырының жыл сайын артып келе жатқан тенденциясы негіз болады.
     Ғарыш туризмі туралы алғаш идея айтқан адамдардың бірі Tom Jone өзінің «Sky walking» деп аталатын жобасында «Аспандағы серуен» деген айдармен авторлық көзқарасын білдірді.  Оның ойынша, жақын болашақта Жер орбитасымен аспан кеңістігінде жүйткитін туристердің серуенін көретін уақыт туады. Ғарыш тарихын зерттеуші Roger launius шағын ғарыш кемесіне отырған адам қалаған уақытында атмосфера қабатының жоғарғы жағы арқылы тылсым кеңістікті тамашалауға әбден болатынын сендіруде.
      Бүгінде ғарыш туризмі жобасының Айға ұшып бару «Space tourism» ($23 млн) және жер орбитасының кеңістігінде «Sky walking» (Tom Jone)  бағдарламасы бойынша серуендеу сомалары тым қымбат болғанына қарамастан, үміткер-туристердің саны артып келеді.
       Ғарыш туризмі саласына байланысты зерттеу жұмыстары дамып келеді. Ол жөнінде орталық басылымдарда (web-ресурстар): «Космический туризм – оплачивающиеся из частных средств полеты в космос или на околоземную орбиту в развлекательных или научно-исследовательских целях» атты мағлұматтар кездеседі[1].
      Сондай-ақ шет ел ақпарат арналарындағы: «Space tourism is space travel for recreational, leisure or business purposes. A number of startup companies have sprung up in recent years, such as Virgin Galactic and XCOR Aerospace, hoping to create a sub-orbital space tourism industry. Orbital space tourism opportunities have been limited and expensive, with only the Russian Space Agency providing transport to date.
The publicized price for flights brokered by Space Adventures to the International Space Station aboard a Russian Soyuz spacecraft have been US $20–40 million, during the period 2001–2009 when 7 space tourists made 8 space flights. Some space tourists have signed contracts with third parties to conduct certain research activities while in orbit. Russia halted orbital space tourism in 2010 due to the increase in the International Space Station crew size, using the seats for expedition crews that would have been sold to paying spaceflight participants[1[Orbital tourist flights are planned to resume in 2015.[3] As an alternative term to "tourism", some organizations such as the Commercial Spaceflight Federation use the term "personal spaceflight". The Citizens in Space project uses the term "citizen space exploration".[4] As of September 2012, multiple companies are offering sales of orbital and suborbital flights, with varying durations and creature comforts.[5] » атты деректерде аталмыш саланың маңыздылығы жете баяндалған[2].
      Қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағы – отандық ғарыш туризмі мекені болуына толық мүмкіндік бар. Ресейге 20 жылға жалға берілген бұл жердің тарихы тереңде жатыр. 1953 жылы Семей ядролық полигонында сынақтан өткен сутегі бомбасының жарылыс күші 4 тонналық ядролық энергияны аспан көгіне алып шығатын зұлмат қуатқа ие R-7 ракетасының пайда болуына себеп болды. Бұл жобаға В.Малышев, С.Королев, С.Крюков тартылды. 1954 жылы Г.Жуковтың араласуымен «Төретам» (бүркеншік ата экспериментальді диапазон) қаласы космодром алаңы ретінде таңдалып алынды. Ғарыш айлағының халықаралық атауы «Tyuratam Missile and Space Complex» (TTMTR) деп аталады.
     1957 жылы әлемде тұңғыш рет континентаралық атақты R-7 баллистикалық ракетасы және Жер Спутнигі ұшырылды. 1961 жылы Дүниежүзінің бірінші турисі Ю.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен 108 минут бойы Жер шарын аралап шықты. Жоспар бойынша ғарыш кемесі 1960 жылы ғарышқа ұшу керек болатын. Өкінішке орай, ол бағдарлама сәтсіздікке ұшырады.
      Жоғарыда баяндалған тұжырымдар мен салыстырмалы ойкешулерге жасаған талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауымызға негіз болды:
- Халықаралық «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2017 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік ЕХРО 2017 Көрмесі туристерінің мекеніне айналдыру;
- Ғарыш айлағына шетел туристерін тарту мақсатында «Media-жарнамалық» топтамалар мен  «Google Earth» форматындағы цифрлық картография контенттерін толығынан игіліктену;
-Қазақстандағы ғарыштық туризмді дамытудың Стратегиялық платформасын дайындау;

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Belfiore, Michael (2007). Rocketeers: how a visionary band of business leaders, engineers, and pilots is boldly privatizing space. New York: Smithsonian Books. ISBN 978-0-06-114903-0.
2. McKinley, Jesse (September 7, 2012). "Space Tourism Is Here! Wealthy Adventurers Wanted". New York Times. Archivedfrom the original on April 30, 2013.
3."Space Tourism Could Drive Space Development". The Space Tourist. Fourth Annual L5 Space Development Conference, National Space Society. Washington DC: American Astronautical Society. pp. 85–771 to 85–774. Retrieved February 17, 2012.
4. Chang, Kenneth; Schwartz, John (October 31, 2014). "Virgin Galactic's SpaceShipTwo Crashes in New Setback for Commercial Spaceflight". The New York Times.
5. https://en.wikipedia.org/wiki/Space_touris
6. Космический туризм. Wikipedia
7.  International Astronautical Congress. Potential Economic Implications of the Development of Space Tourism.
8. "Baikonur Cosmodrome 45.9 N 63.3 E". FAS.org. Federation of American Scientists (FAS). Retrieved 19 July2014.